Байланысты: Реферат Та ырыбы о амны саяси ж йесі ызметіні т сінігі
Реферат
Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі
Орындаған: Меңдыбаева Дильназ тппж 20-11
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.2. САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.3. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕ
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
2.2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және оның мазмұны
- Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары
- Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- Қазақстан Республикасындағы саяси күштердің кемелдену үрдісі
- Қазақстандағы саяси жүйені реформалау
1.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
«Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
1.2САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
- институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
- реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
- функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
1.3ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
- мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
- мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
- мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды. /4/
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді».
2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3. Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4. Мемлекет адамдардың, саяси-әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5. Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
6. Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
- зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б
- теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
- Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.
Саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.Саяси жүйе заман талабына сәйкес болу үшін оған оқтын-оқтын өзгерістер енгізіп тұру керек. Мемлекеттік комиссия аясында әзірленген ұсыныстардың ұзақ мерзімді бағыты бірте-бірте мемлекетті, ортақ шаруаны басқаруда азаматтың, қоғамның рөлін
арттырады. Еліміздегі басқару жүйесі Конституцияда президенттік жүйе деп аталған. Бірақ әлемде президенттік жүйенің қатып қалған моделі жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында президенттік жүйе, онда президентке өкілеттілігі пара-пар Конгресс бар. Францияда президенттік жүйе, онда үкімет басшысы ішкі істерге келгенде президенттен дербес. Польшада да президенттік жүйе. Сол себептен президенттік жүйені ауыстырмай, бірақ өкілетті органдарға көбірек пәрмен беріп, әсіресе өкілетті органдардың атқарушы билікті қадағалау мүмкіндігін арттыру – бұл азаматтың қоғамдағы орнын көтерудің бір жолы.Партиялардың рөлін көтеру де азаматтың, қоғамның мемлекет басқарудағы рөлін арттырудың жолы. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың да әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Конституциядағы бүгінгі қайшылықты жойып, жергілікті өзін-өзін басқару органдары ретінде сайланбалы әкімдер және мәслихаттарды тануымыз керек. Өйткені, демократиялық бағыттағы өзгерістердің қажеттілігі бүгін айқын сезіліп отыр.Өткен жылы Президент Мемлекеттік комиссияның жұмысын бастаумен тұспа-тұс келген Жолдауында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу бастамасын көтерді. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуда да, шектеуде де саясатта, экономикада, шығармашылықта, еңбектің қай саласында болсын, саяси жүйенің әсері мол. Оған адамзат тарихындағы нақты мысал ретінде екі Корея мен кезінде қатар өмір сүрген екі Германияны келтіруге болады. Екі Германия 40 жыл бөлек мемлекет болып ғұмыр кешті. Бір халық – екі саяси жүйе. Сонда демократияға негізделген Батыс Германия 40 жылдың ішінде Шығыс Германиядан бірнеше есе озып кетті. Қазір екі саяси жүйеге бөлінген Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алыңыз. Оңтүстік Корея демократиялық бағыт ұстану негізінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан және алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналса, Солтүстік Корея құр тоталитарлық жүйенің қару-жарағымен маңайындағыларға қоқан-лоқы жасағаны болмаса, өзінің халқын асырайтын тамақ тауып бере алмай отыр.
“Саяси реформа”, қысқаша айтсақ, саяси жүйеге өзгерістер енгізу. Ал саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.Сайлаудың мағынасы – таңдау. Талғам таңдау арқылы қалыптасады. Таңдау мүмкіндігі болса, халықтың саяси талғамы жетіледі. Партиялар халықтық таңдаудан өту үшін өздерінің қоғамды, экономиканы дамыту тұрғысынан жаңа, тың ұсыныстарын жасайды. Сол ұсыныстар бәсекеге салынып, тиімді шешімдер қабылдауға септігін тиізеді. Сондықтан партиялардың қаншалықты қолдауға ие екенін айту үшін, алдымен партиялар арасында әділ бәсекелестік болу керек. Екіншіден, елде үрей болмау керек. Мен басқа пікірдегі партияны қолдасам, ертең жұмысымнан айырыламын, менің туыстарым жапа шегеді-ау деген қорқыныш болмау керек. Осындай жағдайда ғана кімнің шынайы қолдауға ие болғанын білуге мүмкіндік бар.Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеуметтік-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық комитеті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйымдары — ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.
Сонымен қатар, қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этнографиялық бірлестігі жұмыс істесе, қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж., 1 шілде), “Поколение” (1992 ж., 24 қараша), “Лад” (1993 ж., мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-қадерлерінше азаматтық қоғамға арна салды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан — 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), тағы басқалары құрылды. 1989—1994 жылдардың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Сол кезеңде аталған қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің нақты стратегиялық тұғырнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты бола қоймаса да олар егемен елде көппартиялық құрылыстың іргесін қалауларымен тарих беттерінен орын теппек. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу республикамыздың Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.05. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді.
2.2ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.
"Биыл біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық, бұл жерде президенттік республика моделінен президенттік-парламенттік модельге көшу жөнінде сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.
"Еліміздің парламенті жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс істеп, жаңаша міндеттерді атқара бастады. Біз бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік", - деп қосты ол. /10/
Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент.
Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.
Саяси жүйені реформалаудың күшті жақтары:
- Дəйектi саяси реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң негiзi қалыптасты, Қазақстанның одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құрудың қажеттi алғышарттары жасалды.
- Қазақстанда саяси жүйенi дамытудың демократиялық бағыттылығы қалыптасты.
- Мемлекеттiк құрылыста билiктiң заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлiну принципi конституциялық тұрғыда айқындалды.
- Мемлекет басшысын сайлау баламалы негiзде өткiзiлдi.
- Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар) сайлауды партиялық тiзiм бойынша өткiзудiң негiзi қаланды, ол партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге тиiс.
- Саяси плюрализм заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.
- Мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.
- Нарықтық экономиканың дамуы қазақстандық саяси ортада дербес əлеуметтiк-демократиялық идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк база болған меншiк иелерiнiң жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.
- Қазақстан халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы тұтас алғанда қоғамды одан əрi демократияландыруға да ықпал етедi.
- Ұлтаралық татулық саясатын жүргiзу құралы ретiнде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Саяси жүйені реформалаудың әлсіз жақтары:
- Атқарушы билiктiң шектен тыс орталықтандырылуы жəне тұрақсыздығы.
- Өкiлдi органдардың қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне əлеуметтiк-экономикалық жағдайға толық дəрежеде сай емес.
- Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.
- Биліктің өзара iс-қимылының тетiктерiн пысықтау жəне жетiлдiру қажеттiгi.
- Сот жүйесiнiң жекелеген буындарының атқарушы билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.
- Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.
Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды тұрақты түрде дамыту мен нығайту қажеттiгiн түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы./9/
Қатерлер:Шет елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз
елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi. /11/
ХХ ғасырдың соңы демократиялық процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру жолына түстi жəне демократиялық дамудың қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң саяси дəстүрі өзiнiң саяси мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк бередi.Демократиялық жетiстiктердiң барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде ғана тұрғаны анық жəне алда саяси жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған түрде жалғастыру мiндетi тұр.
Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:
- елдiң саяси өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының рөлiн кеңейту;
- соттардың iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгiн қамтамасыз ету;
- басқару функцияларының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;
- көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау;
- сайлау процесiн жетiлдiру;
- үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту, олар азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс.
Қазақстанның Конституциясы қуатты президенттiк республиканың қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы арасында өкілеттiктердi бөлудi заң жүзiнде ресiмдедi. Конституция бойынша Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап бередi. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.
Елдiң саяси өмiрiнде өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:
- Саяси жүйенi жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының бiрi елдiң саяси өмiрiнде Парламенттiң функциясы мен рөлiн кеңейту болады.
- Өкiлдi органдардың саяси жүйедегi рөлiн күшейту, реформалар процесiн толыққанды заңдық қамтамасыз ету үшiн олардың өкiлеттiгiн кеңейту олардың атқарушы органдардан тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.
- Парламенттiң рөлiн, оның функцияларын тиiмдi пайдалана отырып күшейту қажет. Парламент республикалық бюджеттiң орындалуын бақылауда неғұрлым белсендi рөл атқаруға тиiс.
- Жергiлiктi мəслихаттар жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын нақты бақылауға тиiс.
- Қоғамда орын алып отырған əлеуметтiк-саяси мүдделерге орай тиiмдi үйлестiру мақсатында Парламенттiң жанынан əр түрлi партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың, кəсiподақтардың, соның iшiнде Парламентте өкiлдiгi жоқтардың арасында жүйелi түрде саяси консультациялар өткiзудi ұйымдастыру қажет.
Соттардың тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:
Сот жүйесiнiң нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Тəуелсiз сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз келiп отырған құқықтық мемлекеттiң аса маңызды институттарының бiрi болып табылады. Сот қызметiн неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда мамандандырылған соттар енгiзудiң қажеттiгi барған сайын өзектi болып отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды бағыттарының бiрi болды.Соттарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы жəне тиiсiнше судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге жəрдемдесетiн органдар туралы мəселе айрықша өзектi. Озық шетелдiк тəжiрибенi ескере отырып, Əдiлет бiлiктiлiк алқасы мен Жоғары Сот Кеңесiнiң рөлiн күшейту жəне судьялыққа кандидаттарға талапты қатайту қажет. Қазақстанда алқа заседательдерi институтын енгiзу мүмкiндiгi Конституция жүзiнде танылған. Бұл институтты енгiзудiң мəнi сотталушының iсiн алқа заседательдерiнiң не судьялар алқасының қатысуымен қарау құқығы туындайтындығына келiп салды, мұның өзi сот процесiнде адам құқығын қорғаудың қосымша кепiлi болып табылады. Осыған байланысты алда сот заңнамасына тиiстi толықтырулар енгiзу күтiп отыр.Сот жүйесiнiң тəуелсiздiгiне қол жеткiзу жəне оны нығайту мақсатында судьялардың еңбегiне ақы төлеу жүйесiн одан əрi жетiлдiру, сондай-ақ соттардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мəселелерiн шешу қажет. Заңды күшiне енген сот қаулыларының орындалуын бақылауды қатайту қажет. Бұл сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң маңызды талаптарының бiрi болып табылады. Басқару функциясының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру. Демократиялық өзгерiстердi табысты жүргiзу орталық пен аймақтар арасында өзара қарым-қатынасты уақтылы реттеудi жəне өкiлеттiктердi бөлудi талап етедi. Негiзгi аймақтық проблемалар жергiлiктi билiк органдары деңгейiнде шешiлуге тиiс.
Көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау. Саяси партиялар нақты беделге, халықтың қолдауына ие болуға тиiс, саяси стратегияларды тұжырымдауға қабiлеттi болуға тиiс. Қазiргi таңда жұмыс жүргiзушi партиялар мен олардың парламенттегi фракцияларының қызметi қоғамның кең жiктерiнiң мүдделерiне саяси өкiлдiк етудiң болашақ құрылымын қалыптастыру үшiн бастапқы шарттар жасауға тиiс. Партиялар дауыс беру жолымен қоғамдық пiкiр бiлдiруге ықпал етуге, қоғамның жəне мемлекеттiк органдардың арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруға тиiс. Партиялық қызмет арқылы саяси элитаны, басқару аппаратының кадрларын iрiктеу жəне əзiрлеу жүзеге асырылуға тиiс.Мемлекеттекөппартиялықтың болуы азаматтардың саясатқа қатысуына кеңiнен қол жеткiзуiнқамтамасыз етудiң қажеттi шарттарының бiрi ретiнде көрiнедi.Парламенттегi партиялық фракциялардың рөлін арттыру үшiн Парламенттегi партиялық фракциялардың жұмыс iстеу тетiгін нақты айқындайтын заңнаманы қабылдау қажет.
Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс рөлiн күшейту үшін халықтың əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүдделерiн талап ететiн үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) дамыту жəне нығайту қажет. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдардың одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн арнаулы заңнамалық актiлер қабылдаған орынды.Мемлекеттiң жəне үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын жандандыру талап етiледi. Бұл орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын тез жəне тиiмдi табуға мүмкiндiк бередi.ҮЕҰ-ды қолдаудың нақты нысандарының бiрi оларға əлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар беру мүмкiндiктерi мен тəртiбiн айқындау болып табылады.Қазақстанның жастар мен балалар ұйымдарын қолдауға жəне оларды дамытуға айрықша назар аудару қажет. Бұл жастарды барабар əлеуметтендiруге жəне əлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге, олардың сыңаржақ дiни немесе экстремистiк саяси идеяларды қабылдау салдарынан қылмысқа бой алдырмауына жəрдемдеседi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы курстық жұмыс «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деген тақырыпқа жазылған.
Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы.Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады.Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен өзгерістер кеңірек ашылып қарастырылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.
2. Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004.
3. Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, ҚазМЗУ –дың баспа- полиграфия орталығы.-1999
4. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. -Алматы, 2003.- 692 б
5. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы., 1997.- 96 бет
6. Әлисұлтан Құланбай:«Саяси реформалар бірінші кезекте қоғам үшін керек» // Егемен Қазақстан 20 қараша 2009ж
7. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)
8. Қуат Бораш: «Туыстас партиядан ту ұстар партияға дейін» //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2008ж
9. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау міндеттерін еңсере алады //Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін"
10. Выступление Главы государства на заседании Государственной комиссии по разработке и конкретизации программы демократических реформ Астана, 24 наурыз 2006ж.
11. www.egov.kz