Реферат тақырыбы: «Педагогикалық қарым-қатынас»


Қарым-қатынастың қызметтері



бет2/3
Дата25.10.2022
өлшемі57,99 Kb.
#154772
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
DOC-20221016-WA0145.

Қарым-қатынастың қызметтері.

  1. Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекетте адамдардың қарым-қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынас бұл жерде адамдардың бірігуінің шарты болып табылады.

  2. Қалыптастырушы қызметі – қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез-құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, әлемге қарым-қатынасы дамып отырады.

  3. Растау қызметі – басқа адамдармен қарым-қатынас барысында тұлға өзін тану үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің жеке тұлғасын, оның құндылығын басқа адамдар арқылы біледі.

Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынастарында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталаған тәжірибиені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады. Сөйлеу – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлері:
Маскілі қарым-қатынастар; бір күннің ішінде бірнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскілерді пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелігін түсініп ескертуге талпынамыз (сыпайылық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыларға деген сезімдерін. Эмоцияларын қарым қатынас барысында көрсетпейді.
Формалды рөлдік қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтік рөлі маңызды болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының іске деген тұлғалық ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл-күйі ескеріледі. Сонымен бірге оның іске деген қызығушылығ мәндік маңызды орын алады.
Достардың рухани және тұлғалық қарым- қатынасы – мұнда кез-елген тақырыпқа әңгіме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бірін-бірі жақсы түсінеді.
Маникулятивтік қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгілі бір пайда табуға бағытталған. Ол үшін сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелігіне байланысты түрлі әдістер пайдаланады.
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Комммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берілетін ақпаратты түсінуді қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негізгі функциялары мыналар:

  1. Информативті-адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.

  2. Интерактивті-адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерін пайдалана отырып сұхбаттасушының көңіл күйіне, сеніміне мінез-құлқына әсер ету.

  3. Перциптивті-қарым-қатынасқа түсуші серіктестердің бірін-бірі қабылдауы және өзара түсінушілікті қалыптастыру.

  4. Экспрессивті-эмоционалды бастан кешірулер сипатын өзгерту.

Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқан болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді.
Педагогикалық технология ұғымын қарастыру барысында педагогикалық технологияны былай анықтауымызға болады – бұл қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру үрдісін жобалау (жоспарлау), ұйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы оқушылар мен мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің үрдісті жүйесі.
Әр мұғалімнің педагогикалық биографиясы өзінше жеке дара. Шеберлікті шыңдау үшін педагогикалық процесстің заңдылықтары мен механизмдерін меңгеруі тиіс. Бұл мұғалімнің педагогикалық ойлауы мен іс-әрекетке, педагогикалық құбылыстарды талдауға және құрылымдық элементтерге бөлшектеуге, оқыту мен тәрбиелеу теориясында идеялар, ой-қорытындылар жасауға, негізгі педагогикалық мәселелерді анықтап, дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді.
Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру техникасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет