Реферат тақырыбы: «Педагогикалық қарым-қатынас»



бет1/3
Дата25.10.2022
өлшемі57,99 Kb.
#154772
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
DOC-20221016-WA0145.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Педагогикалық қарым-қатынас »
Орындаған: Тұрғара А,
Мамыр Ұ, Бегалиева А,
Тасқұл А
Тобы: 1703-11-4
Қабылдаған: Таңатарқызы Г

Шымкент 2022ж.




Жоспар

  1. Кіріспе.

    1. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы.

    2. Қарым-қатынас құралы және қарым-қатынас түрлері.

    3. Қарым-қатынастың қызметтері.

  2. Негізгі бөлім.

    1. Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі.

    2. Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері

  3. Қорытынды.

  4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қарым-қатынас адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоциональды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалармен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.


Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейірімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогиалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция. Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап синатталады. Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетке басыңқы бола алатын негізгі жеті центарцияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің «Мен» қызығушылығында), бюрократиялық (админстрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетт (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа дамдардың-админстратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде). Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарларлың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезеңін ашу, әдістемелілігі мен импоровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрселен келесі нәрсеге көңіл ауысымдылығы), динамикалық сипаттамалар және нәтижелік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтің индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет