Менделеев таблицасында 100-ден аса химиялық элементтер бар. Олардың әр біреулері дерлік тұрақты және радиоактивті атомдардың қоспасы ретінде келтірілген. Оны берілген элементтердің изотоптары деп атайды. 2000-ға жуық изотоп белгілі, оның ішінде 300-ге жуығы тұрақты.
Ядролық бомбалардың жарылысы кезінде жасанды радиоактивті изотоптардың екі тобы пайда болады. Оның біріншісінде, ыдырау мерзімі қысқа изотоптар ( йод – 131, барий – 140 және басқалар) жатады. Олар жарылыс жасалғаннан кейінгі ең қысқа мерзімде және ядролық сынау жүргізілген жердегі ең жақын төңіректк өте қауіпті, өйткені өзінің пайда болуы мен құруы аралығында қысқа мерзімде алысқа тарап үлгермейді. Екінші топқа жартылай ыдырауы бірнеше ондаған жылдардан бастап бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылатын, ұзақ сақталатын изотоптар жатады. Олардың қатарына көміртегінің изотопы – көміртегі 14-ті жатқызамыз. Оның жартылай ыдырайтын уақыты 5 мың жылға созылады.
Стронциялық изотопы – стронций 90 (St-90) ядролық жарылыстардың ұзақ сезілмейтін неғұрлым қауіптіөнімдері қатарына жатады. Оны жартылай ыдырауы 27 жылға созылады.
Цезийдің изотопы – цезий – 137 өзінің негізгі қасиеттері жағынан стронций – 90-ға жақын. Оның организмде жинақталуы ауыр зардаптарға, тұқым қуалайтын кемістіктердің пайда болуына әкеліп соғады, мұның өзі кейінгі ұрпақтардан көрінеді. Радиоактивті изотоптарды радинуклиттер деп атайды.
Жартылай ыдырау периоды бір типті радиоактивті ядролар саны оның ыдырауы. Ыдырау жылдамдығы жартылай ыдырау периодымен сипатталады. Жартылай ыдырау приоды белгілі бір типті радиоактивті ядролар саны 2 есе азаю үшін кететін уақыт болып табылады.
Жартылай ыдырау периоды ұғымын келесі түрде түсіндіру өте қате болып табылады. Мысалы, «Егер радиоактивте заттың жартылай ыдырау периоды 1 сағатқа тең болса, тағы бір сағаттан кейін екінші бөлігі ыдырап, бұл зат толығымен жойылады, яғни ыдырайды» деп түсіндіру дұрыс емес. Жартылай ыдырау периоды бірсағатқа тең радинуклейд үшін бұл бір сағаттан кейін оның сан мөлшері бастапқыдан екі есе аз, тағы екі сағаттан кейін – 4, үш сағаттан кейін – есе азаятынын көрсетеді, алайда ол толығымен ешқешан жойылмайды.
Әрбір радинуклидтің өзінің жартылай ыдырау периоды болады, ол домесекундтан бірнеше млрд. жылға дейін жетуі мүмкін. Берілген радинуклидтердің жартылай ыдырау периоды тұрақты және оны өзгерту мүмкін емес. Ядролық радиоактивінің ыдырауы кезінде радиоактивті болуы мүмкін.