Реферат тақырыбы: Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан Орындаған: бж-201топ студенті Казыкен А. Ж



бет2/6
Дата16.10.2023
өлшемі31,61 Kb.
#185844
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан

Бетта бөлшектер – жай электрондар.
Гамма – сәулелер – табиғаты жарықтың электромагниттік табиғатына жақын электромагниттік толқындар. Алайда, олардың өтімділік қбілеті өте жоғары. Негізінен жұмыс істеп тұрған атом реакторының маңында пайда болады.
Радиоактивтілік пен радиацияны ажырата білу қажет. Радиация көздері — радиоактивті заттар немесе ядролық – техникалық құрылғылар.(реакторлар, рентген сәулелері, құрылғылар т.б.) біршама ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін, ал радиация тек өзі бір затқа жұтылғанға дейін өмір сүреді. Радиация Беккерельмен өлшенеді, ал 1 секунт ішіндегі бір ыдырауға сәйкес келеді. Радиоактивтіліктің өлшем бірліктері қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген. Активтіліктің заттағы құрамын көбінесе заттың салмақ Бк/кг бірлігіне немесе көлем бірлігіне Бк/куб.м сәйкес өлшейді. Сондай-ақ активтіліктің Кюри деген бірлігі де қолданылады. Активтілігі 1Кюри болатын радиоактивтілік кезінде 37 млрд. ыдырау болып жатады. Радиоактивтілік көздің активтілігі оның қуат мөлшерін сипаттайды. Жоғарыда айтылғандай, бұл ыдырау прцесінде радиоактивті зат иондаушы әсер экспозициялық доза болып табылады. Ол көбнесе Рентгенмен өлшенеді.
1 Рентген өте үлкен өлшем болғандықтан, практикада милиондық Мкр немесе мыңдық МР үлесін пайдалану ыңғайлы. Радиоактивтілікті өлшейтін құрал дозиметр деп аталады. Көп таралған дозиметрлердің қызметі белгілі біруақыттағы иондаудың,яғни экспозициялық доза деп аталатын радиоактивтіліктің иондаушы әсерін сипаттаушы шаманың қуатын өлшеуге бағытталады. Экспозициялық дозаның қуатының өлшем бірлігі – микрорентген болып табылады. Доза қуатымен доза бір-бірімен автомобиль жүріп өткен ара қашықтық, яғни жол сияқты байланысты.
Адам организміне әсерін бағалау үшін эквиваленттік доза мен эквиваленттік доза қуаты ұғымдары қолданылады.
Сәйкесінше, Зивертпен (Зв) және Зиверт/сағатпен өлшенеді. Тұрмыста 1Зиверт – 100 Рентгенге тең болады. Бұл дозаның қандай мүшеге,дене бөлігіне немесе тұтас денеге берілгенін көрсету қажет.
Жоғарыда көрсетілген активтілігі 1Кюри нүктелік көз өзінен 1 метр қашықтықта жуық мөлшермен 0,3 Рентген/сағат экспозициялық доза, ал 10м ара қашықтықта 0,003 Р/сағат экспозициялық доза қуатының азаюы әрқашан орындалады және сәулелену таралуының заңдары мен түсіндіріледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет