Реферат тақырыбы: Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан Орындаған: бж-201топ студенті Казыкен А. Ж


Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы



бет5/6
Дата16.10.2023
өлшемі31,61 Kb.
#185844
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан

Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы.

Өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, көму және утилизация – қазіргі заманғы өте толғандыратын проблемалардың бірі. БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі материалдарында ( Рио-де-Жанейроның 1992 жылғы және Йосенбург 2002ж) басқа ғаламдық проблемелармен қатар қалдықтарды бақылау мәселелерінің қарастырылуы-осының дәлелі.


Өнеркәсіп кешені минералды шикізатты өндіру мен өңдеуге бағытталғандықтан, қатты өнеркәсіп қалдықтарының жиналып, көбеюі алаңдатады. Республикамызда оның мөлшері 19 млрд. тоннадан астам. Улы қалдықтарды қоса алғандағы, өнеркәсіп қалдықтары бүгінгі күнге дейін экологиялық нормалар мен талаптардың бұзылуымен сақталады. Осының нәтижесіндегі еліміздің ашық және жер асты су көздеріне қатты ластану қауіпі төнуде: Ақтөбе облысында – алты валентті хром, Жамбыл обл. – фтор және фосфор, Шығыс қазақстан облысында – ауыр металдардың тұздарымен,әсіресе Қарағанды, Шығыс қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы түсті металургия қалдықтарымен ластануүлкен қатер туғызып отыр.
Еліміздің территориясындағы уранды өндіру мен өңдеудің нәтижесінде пайда болған болған радиоактивті қалдықтардың төндіретін қауіпі де аз емес: олардың 100-ден астам көмілген жерлерінде 50 млн. тоннаға жуық қалдық бар. Оларды зиянсыздандыру үшін өте үлкен қаржы жұмсалады. өкінішке орай, бұндай қаржыны мемлекет қазынасынан алу мүмкін емес.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында шетелдік радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы территориясына көшу туралы заң лқыға түсті. Мәліметтер бойынша еліміздің территориясын толығымен тазалап шығу үшін 1 млрд. 110млн. доллар аржы қажет екен, ал жерімізге шет мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарын көму 20-30 млрд. доллар пайда әкеледі деген пікір бар. Алайда бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайда 10-15 жылға бағдарланып отырған бұл жобаның тікелей және қосымша шығындарын қалай есептеуге болады? Бұл заңды қабылдай отырып біз ұзақ мерзімді саяси және экономикалықжауапкершілікті өзімізге аламыз. Ал бұл жауапкершілікті тек біздің замандастарымыз ғана емес, келер ұрпақ, тіпті олардан кейінгі буында орындауға мәжбүр болады. Парламент бұл жобаны қабылдай отырып, бүгінгі буынды ғана емес, келешек ұрпақты да қауіпті бизнестің тұтқынына түсірер еді. Бұл заңды қабылдау арқылы еліміз өз территориясын « радиоактивті қалдықтар моласына » айналдырған ең бірінші мемлекет болар еді.
Радиоактивті қалдықтарды еліміздің территориясына көшу табиғи су көздерін ластап, ауыз су проблемасын туғызып, жер қыртысына үлкен нұқсан келтірмек еді. Семей полигонының нәтижесін көзбен көре отырып, ядролық қарудың зардаптарын біле тұра және радиоактивті қалдықтардың адамдардың денсаулығына әсері жайлы мәліметтен хабардар бола отырып, радиоактивті қалдықтардыкөшуге келісім беру – келешек алдындағы үлкен қылмыс болар еді. Аталған заңның қабылданбауы белгісіздікке басылған қате қадамнан аман алып қалды.
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық ядролық қаруларды сынауға қарсы «Невада – Семей –Моруруа – Лабнор – Жаңа жер» халықаралық одағы құрылды.бұларға қосымша Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық негізде «Елім – ай» халықаралық экологиялық қоры және «Эко – Қазақстан» экологиялық ассоциациясы құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет