#include int main(){ int i; printf("Бүтін сан енгізіңіз\n"): scanf("%d", &i); printf("Сіз %d санын енгіздіңіз, рахмет!", i); return 0; } Бұл программаның бірінші жолы – препроцессор директивасы, ол программада қолданылған енгізу/шығару функцияларының сипаттамалары орналасқан тақырыптық файлын программа мəтініне кірістіреді (бұл жердегі бұрыштық жақшалар тілдің элементі болып табылады). Препроцессор директиваларының барлығы да # белгісінен басталады.
Үшінші жолда бүтін типті і айнымалысының сипаттамасы берілген.
Төртінші жолдағы printf функциясы «Бүтін сан енгізіңіз» мəтінін экранға шығарады да, \n басқару тізбегіне сəйкес курсор жаңа жолға көшеді. Келесі scanf функциясы пернетақтадан енгізілген бүтін санды і айнымалысына меншіктейді (& белгісі адресті алу операциясын білдіреді), ал келесі оператор берілген тіркес құрамындағы түрлендіру спецификациясын осы санның мəніне алмастырып, осы тіркесті экранға шығарады.
Жоғарыда қарастырылған мысал үшін C++ кластар кітапханасын пайдалану программасы келесідей түрде жазылады:
#include int main(){ 17 int i; cout << "Бүтін сан енгізіңіз\n"; cin >> i; cout << "Сіз " << i << " санын енгіздіңіз, рахмет!"; return 0; } Мұндағы тақырыптық файлы енгізу/шығаруды басқаруға арналған кластар жиынының сипаттамасын қамтиды. Мұнда мəліметтерді пернетақтадан енгізуге арналған cin жəне мəндерді экранға шығаруға арналған cout объект-ағымдары, сонымен қатар ағымға орналастыру << жəне ағымнан оқу >> операциялары анықталған.
18 Қорытынды Си тілі әдетте тек Ассемблер тілінде бағдарламалағанда қол жеткізген компьютер ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндіктері бар жоғары дәрежелі тілдің қасиеттерін біріктіреді. Си тілін үйрену қарапайым емес және бағдарламалауда мұқияттылық қажет, бірақ ол ас тиімді және күрделі баағдарламаларды құруға ерік береді
Кез-келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез-келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, содан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз