Реферат тақырыбы: сауат ашу пәНІ, мақсаты, міндеттері


Әліппеден кейінгі кезеңде



бет10/12
Дата07.02.2022
өлшемі44,8 Kb.
#87786
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ

Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құралған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланылады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосып жаза алады. Мұндай сөздерді тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып, талдап танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.
Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен жаңа әріпті үйрету сабағының жүйесі
Оқу сабағы:
1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме
2. Әңгіме барысында қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.
3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.
4. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу.
5. Кеспе әліппеде сөз құрастыру және оны оқу.
6. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау, оларды оқу.
7. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.
Жазу сабағы:
1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы) тексеріледі.
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады. Оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады. Сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.
5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды оқиды.
6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
7. Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді қайталау, қиындау буындардан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе әліппеден сөз құрастыру және оларды оқу жұмыстары басым болып табылады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыстары да молынан жүргізіледі.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері.
Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы.
1. Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса, сұраулар қояды.
4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты бәсеңдету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т.б.).
5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға анықтатылады.
6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе көңіл – күйді суреттеген жерді табыңдар т.б.).
7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.
Өлең оқыту сабағы.
1. ¤лең тақырыбына кіріспе әңгіме.
2. Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.
3. ¤лең шумақтары бөлініп, әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда бала ең болмағанда бір жол оқыса да, мәнерлеп, анық оқуына баса назар аударған жөн.
4. ¤леңді мәнерлеп, іштен оқытады.
5. Өлең мәтінін тұтас, мәнерлеп, дауыстап оқиды, онда кездесетін кейбір сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік болса, жаттылады.
Жазу сабағы.
1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою т.б.).
2. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қыйталайды.
3. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа талданады.
4. Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды.
5. Оқушылар сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.
6. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырады, тексереді.
7. Осылайша екінші, үшінші сөйлемдер жазылады.
8. Оқушылар жазған үш сөйлемін түтас оқиды.
Оқылған әңгіме бойынша Жазу сабағы.
1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.
2. Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шығады (2-3 сөйлем).
3. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді дұрыс құруға жәрдемдесетіндей болу керек.
4. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.
5. Мәтіндегі көп нүктенің онында болған сөздерді естерінде сақтап оқиды.
6. Мәтінді дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.
7. Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
8. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтаға жазылған сөздермен салыстырып тексереді.
Тиімді жүргізілетін сөздік жұмыстары да оқушыларды сауатты жағын үйретеді. Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Алайда, сөздік жұмыстар барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды. Мұғалім оқушыларға таратылып берілген бірнеше сөздік карточкаларға әр түрлі заттың ұғымдарын білдіретін сөздерді бірнеше салаға топтап сұрыптау ретін түсіндіреді. Әр топтағы сөздерден сөйлем жасауын басшылық етеді. Сондай-ақ оқушылардың өз бетінше белгілі сөз типтеріне жататын сөздерді табуына, (әліппе кезеңі аяқталған кезде) «сөз» тақырыбына арналған үлестірмелі карточкалардағы қалыпты тапсыпмалардан орындауға дағдыландырады. Сабақта карточкалардың мынадай түрлерін пайдалануға болады. Берілген тірек сөздерді таблицалардағы тиісті бағандарға орналастыру.
Жаттығу үлгісі: 1. Таратпа карточкаларға көп нүктелердің орнына ойдан сөз таптарын жаздыру.
Жаттығу үлгісі: Құстар: қарға.
Жемістер: алма.
Көкөністер: сәбіз.
Бұл жаттығу бойынша сөздік жұмысын жүргізу (суреттегі тақырыпқа сай заттардың аттарын атау немесе сынып болып сұрау) - немесе әңгіме әдісі арқылы қажетті сөздерді айқындап алуға да болады.
Кіші жастағы мектеп оқушыларына «сөз» ұғымын үйрету сабақтарын жеке оқушылардың қабылдау дәрежесіне қарай дифференциядан өткізуі де қажет-ақ. Ондай мақсатқа сай мынадай жаттығуларды жүргізген тиімді.
2. Бір типтегі сөздерді одан төменгі топтарға тарату. Жаттығу үлгісі:
3. «Қай жануар қандай дыбыс шығарады?» деген сұраққа жауап бола алатын бастауыш – баяндауыштан құралған екі сөзді жалаң сөйлемдер құрастыруға үйрету де оқушылардың тілін дамытуға көмек етеді.
Жаттығу үлгісі:
Тірек сөздер: кісінейді, қорсылдайды, маңырайды, мөңірейді, шырылдайды, сайрайды, қарқылдайды, боздайды, мияулайды, бақылдайды, ысыллайды.
Тапсырма: мына дыбыстар қай жануардың дыбысы екенін ажыратып жазыңдар.
Үлгі: Жылан ысылдайды, т.б.
2. Жануарлардың төлдеуін, дүниеге ұрпақ келтіруін айттыру арқылы да бала тілін байытады.
Жаттығу үлгісі: Тірек сөздер: құлындады, қоздады, лақтады, күшіктеді, көжектеді, боталады, жұмыртқалады, бұзаулады.
Тапсырма: үй жануарларының төлдеуін қалай атайтынын ажыратыңдар.
Үлгі: Қоян көжектеді, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет