|
Сауат ашудың бірінші кезеңі
|
бет | 6/12 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 44,8 Kb. | | #87786 | түрі | Реферат |
| Байланысты: САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ1. Сауат ашудың бірінші кезеңі.
Бұл кезеңде дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінуі, ашық естілетіні; дауыссыз дыбыстардың ұяң, созылыңқы, кейбір шұғыл түрлері таныстырылады. Буындардан екі дыбысты тұйық, ашық, үш дыбысты бітеу буындар оқылады. Екі, үш, төрт әріптен құралған сөйлем оқылады.
2. Сауат ашудың екінші кезеңі.
Екінші кезеңде оқушылар қысаң дауысты дыбыспен танысады, оның жазылу таңбасын үйренеді. Бұрыңғы сабақтарда өткен буын түрлерін қайталайды және негізінен, ашық буынды сөздерге көшеді. Бұл кезеңде үш-төрт буынды сөздер кездеседі. Алғашқы рет шағын әңгімені оқиды. «Әліппедегі» сюжетті суреттерді қарап, сөйлем құрайды, құраған сөйлемдерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді. Кестемен берілген мәтіндерді оқуға машықтанады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|