Дыбыспен таныстыру сабағы. 1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
3. Дыбыспен таныстыру (Мысалы, а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» көңіл аударылады.).
4. Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементін жазуға үйрену сабағы. 1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
2. Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.
5. Балаларға дәптерлеріне жазғызу.