Реферат тақырыбы: сауат ашу пәНІ, мақсаты, міндеттері


Әліппені оқытудың кезеңдері



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі44,8 Kb.
#87786
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.3 Әліппені оқытудың кезеңдері
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмыстарын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі1.
Бірінші кезең: жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.
Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді.
Оқу да, жазу да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т.б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара, т.б.) оқу жазу әдістері кең қолданылады.
Екінші кезең: негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған сонор, ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық - ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі.
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстармен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.
Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін «ћ» сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты – орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.
Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері де алдыңғы дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал («Әліппе және «Әліппе серігімен» қатар ) – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырылған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздердің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.
Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерді оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысы өзгеше сөздер мен мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысы мен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен граммтикадағы материлдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет