Реферат Тақырыбы: Шама және оларды өлшеу Тексерген: Ерболат Б. Е орындаған: Булатова Д. С топ: Пимно-35 Орал,2021



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі23,06 Kb.
#123336
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
дариреф

І. Квадраттық функция ұғымы
Жиын жөніндегі ұғым сияқты, шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп саналады, сондықтан шамаға анықтама бермей, тек мысалды қарастыру арқылы ол ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз. Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әр бір оқып үйренетін шама-бұл бізді қоршаған дүниедегі реал объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, шамаларды оқып үйрену математиканы оқытуда орны зор. Бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бірі.

Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, аудан, масса, уақыт, сыйымдылық, көлем, жылдамдық, т.б. шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл ұғымдар тек математикада ғана емес сондай да физика, химия және т.б. ғылымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда шама ұғымына айқын түрде сипаттама беру өте қиын. Өйткені әр түрлі ғылым салаларында, тіптен бір ғана ғылым саласының әр тарауларында да шама ұғымы әр түрлі мағынада қарастырылады.

Сонымен бірге, көбіне шама термині мөлшер терминінің синонимі ретінде қолданылады немесе шама және шаманың мәні терминдері бірдей мағынада қарастырылады. Көп жағдайда, шама ұғымының таза математикалық ұғым болып табылатындығынан оның әр түрлі мағынада көрінетіндігі мен түсіндіруге болады.

Шамалар жайындағы түсініктер, оларға тән ерекшеліктерді сипаттауға мүмкіндік береді.


• Біріншіден, шамалар-нақты объектілер мен құбылыстардың ерекше қасиеттері мөселен заттардың бойлылық (созымдылық) қасиеті ұзындық деп аталады. Бұл сөзді нақты объектілердің ұзындығы туралы айтқанда, бұл шамалардың тегі бір деп түсініледі. Жалпы, біртекті шамалар деп қандай да бір жиын объектілерінің бір ғана ортақ қасиетін әр текті шамалар арқылы қасиеттерін сипаттайды. Мәселен, ұзын және аудан-өртекті шамалар.

•Екіншіден, шама-заттар мен құбылыстардың оларды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеттері сондай-ақ, осы қасиеті арқылы оған бірдей деңгейде не болатын объектілер жүбын тағайындауға болады. Мысалы: ұзындығы болу қасиетіне не болатын барлық заттар жиынында ұзындығы бірдей заттар эквиваленттілік класын құрайды.

•Үшіншіден, шама-заттар немесе құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеті болуымен бірге, осы қасиеттің көмегімен екі эквивалентті емес заттардың қайсысы бүл қасиетке көбірек ие болатындығын тағайындауға болады. Мысалы: (ұзындығы бар) қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында ұзындығы әр түрлі екі заттың қайсысы ұзынырақ болатындығын тағайындауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет