Реферат тақырыбы: Шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану


Шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану



бет2/2
Дата07.03.2022
өлшемі23,54 Kb.
#134463
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Аралық бақылау 1

Шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.


Педагогикалық технологияларды талдау барасында мына факторлар ескерілуі керек :

  1. Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

  2. Тиімділігі, жүйелігі және басқа жақтары.

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.
Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор қажетті құрылым- тіл». Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет.Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез – құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық. Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни , бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттен сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой , құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан –жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан. Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс -тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы » дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар :

  • жобалау технологиясы ;

  • саралап даралап оқыту;

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • модульдік оқыту технологиясы;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • сатылай кешенді талдау;

  • деңгейлеп оқыту технологиясы

Инновациялық технология нәтижелері:

  • Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Енді шетел тілі сабақтарында қолдануға тиімді болып табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетелік. Шетел тілі сабағында қолданылатын оқу ойындарының мақсаты мен міндеттері бойынша тілдік, және сөздік деп бөлуге болады. Тілдік ойындардың ең қызықтыратыны олар өте қарапайым және қиын бейімделуді талап етпейді.Ойын үшін тек керек зат қарындаш, қағаз кейде бұл заттарды қолданып та керегі жоқ. Мысалға алатын болсақ: «Alphabet Dinner» тілдік ойыны. Бірінші ойнаушы «Today I have for dinner some… » дейді де, жейтін тағамды атайды. Ол «А» әріпінен басталуы керек. (apple). Екінші оқушы «Today I have for dinner some apples and bananas» деп бірінші оқушының сөзін қайталап, «B» әрпініен басталатын тағам түрін атайды. Бұл ойынды тағамдар тақырыбын өткен кезде тағамға байланысты сөздерді жылдам жаттап және есте сақтауы үшін өте тиімді. Міне осылайша ойын шарты орындалғанша, оқушылар ойынды жалғастырады. Ал басқа оқушылармен айтылып кеткен сөздерді айта алмаған бала ойыннан шығады.
«My neighbour’s cat» ойынында І топтағы оқушылар алфавит бойынша сын есімдерді теріп айтады. Мысалы біреуі: «My neighbour’s cat is an awful cat»дейді, келесі раундта оқушылар «B» әрпінен келетін сын есім ойластырады.

Келесі ойынның түрі «Add a word» деп аталады. Мақсаты алдыңғы оқушының сөзіне қосылып әңгіме құрады. Солайша бірінші оқушы бір сөз айтады, екіншісі оның сөзін қосып өз сөзін айтады, үшінші оқушы тағы басқа сөз айтады. Осылайша қысқаша әңгіме құралады.


Мысалы: 1) І 2) like 3) listening 4) to 5) music, 1) my 2) favourite 3) flower 4) is 5) rose.


Сондай –ақ «Stairway» ойынының мақсаты сөздерден саты құрау , осылайша әріптер саны көбейеді. Ойнаушы оқушы алфавиттегі кез –келген әріпті таңдайды. Саты бойынша бос жер болмауы керек. Яғни, екі әріптен келетін сөз айтылса, келесі 3,4,5,6 әріптен реті бойынша құралу керек. Сөзді ең соңғы атаған оқушы жеңімпаз болады.


Қорыта айтқанда,инновациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетуменқатарөмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Овсишер Г.М., Овсишер М.В. Интернет и образование: первые шаги. В сборнике: Стратегии обучения английскому языку: теория и практика. Самара, 1998. с. 88

  2. Профессиональный педагогический журнал «Учитель» № 5, 2005 г.

  3. Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,«Просвещение» 2000

  4. Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.

  5. Мектептегі шет тілі, 2006 ж

  6. Учебно – методическое пособие. Москва, 2001 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет