ҚОРЫТЫНДЫ
Көріп отырғанымыздай, ұлттық мәдениет адамдарды адамгер- шілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа шақырады. Ол әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу ретінде айыптайды. Бұған дәлелді Абайдың «қара сөздерінен» табуға
болады, ол өз халқына қызмет етудің маңыздылығын атап өтеді. Бұл ретте қызмет адал, риясыз болуы тиіс. Адал, әділ, алдамайтын еңбек, жоғары идеалға қызмет ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс.
Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы : Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 19 қараша.
2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 19 қараша.
ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАР
1. lib.ukgu.kz ЖОО-ның электронды кітапханасы.
2. Wikipedia онлайн энциклопедиясы.
3. akorda.kz сайты. Н.Назарбаевтың жолдаулары мен мақалалары.
4. abai.kz сайты. Абай Құнанбайұлының шығармалары
Достарыңызбен бөлісу: |