Бұлшықеттердің пластикасы
Қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы сақталған аяқшасы бар бұлшықеттерді отырғызу-остимиелит кезінде сүйек саңылауын тығындау үшін,сонымен қатар бронхиальді жыланкөз және жетіспейтін аумақты толтыру үшін қолданылады.Аймақтық бұлшықеттік пластинканы бұлшықеттін кемістіктерін(құрсақ қабырғасының,шап және құрсақтың ақ сызығының жарығын) жою үшін пайдаланады.
Сіңір мен шандырлардың пластикасы
Сіңірлік пластинка аяқ-қолдың жоғалған қызметін дұрыстау үшін және салданған бұлшықет топтарының қызметін көрші сіңірлер мен сау бұлшықеттерді тігу арқылы қалпына келтіру үшін қолданады.Сіңірлерді тіккенде арнайы сіңірлік тігістер салынады-Kuneo,Kessler,Bunnel және басқа да тігістер.Сан бұлшықетінің жалпақ шандырынан алынған бос кесіндіні буын қапшығын нығайту,бас-миының қатты қабығының кемістігін жамау,тік ішектің жасанды сфинктерін қалыптастыру,жұлынның және құрсақ қабырғасының жарықтарын жабу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |