Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндал-са, екінші бір түста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтарына ортақ ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтқанда: «Қоспа ертектерін, жапсырма «кереметтерін» былай алып тастағанда, қазақтың ескі ел әдебиетіндегі бұл Едіге батыр әңгімесінен Алтын Орда іріп-шіри бастаған кездегі заманның оқиғаларына меңзейтін бірсыпыра жайттар көрінеді». Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.
Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — «Елім-ай» өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың: «Бір замандағы ел басына душар болған ңайғылы оңиғаның елесіндей бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси ңұжаттың орнына да жүргендей», — дейді. Бұл мұңлы өлең — 1723 жылы жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған қазақтың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың ел аузында сақталып ңалған үзіндісі деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86 жолдан тұрады. Жырда қазақ елінің кіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы тегін емес, өйткені ХУғасырдан бері «ңазаң» деген атпен ңұралған халыңтың әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістан болғаны белгілі.
XVII ғасырдың соңында, яғни «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын жоңғарлар қазақ жеріне бірнеше жорық жасаған. Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел билері мен хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары қорында зерттеушілерін күтіп жатыр.
XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай», «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Сырым батыр», «Арқалың батыр», т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бүл жырларда жыр арналған батырлардан басңа батырлар туралы да деректер кездеседі.
XIX ғасырдың тарихи оңиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде Кенесары—Наурызбай бастаған халықтың қозғалысңа арналғандары — «Қиса Наурызбай төре», «Кенесары — Наурызбай дастаны», «Кенесары поэмасы». «Қиса Наурызбай төрені» Жүсіпбек Шайхисламұлы, «Кенесары—Наурызбай» дастанын Хан Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне авторлары белгісіз жоңтау, мақтау өлеңдері де аз емес.
XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне «Исатай—Махамбет», «Бекет батыр», «Жанқожа», «Досан батыр», «Еңлік—Кебек», «Қалңаман—Мамыр», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырларын жатқызуға болады.
Ығылман Шөрековтің «Исатай—Махамбет» атты шығармасында Жәңгір хан мен Исатай, Махамбеттің арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі халық қозғалысының тарихы баяндалса, «Жанңожа батыр» жырында қазақтардың Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына ңарсы күресі, «Бекет батыр», «Досан ба-тыр» жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батыр-лардың тарихи ерліктері жырланған. Бұл жырларда тарихи шындьщ эпостық әсірелеумен астасып, араласып отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне ңарсы Есет Көтібаровтың, Жанқожа Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің көтерілістері жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым мұңды, тым күйрек сарындағы шығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл аңындарды кезінде «Зар заман аңындары» деп кінәладың та, шындығында, бұлар заманғаңатты наразы, қазақтың, елдің, жердің, діннің болашағын ойлап күйзелген аңындар еді. Мысалы, Мұрат аңын:
Еділді тартып алғаны — Етекке ңолды салғаны. Жайықты тартып алғаны — Жағаға қолды салғаны, —
десе, Шортанбай:
Еділді алды, елді алды,
Есілді алды, жерді алды,
Енді алмаған не қалды? — дейді.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырлары Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттың көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін құрайды.
Сонымен көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-фольклоршыларымыз қарастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |