Реферат Тақырыбы: Турбодиметрия Орындаған: Рахимова Аружан Рамазанова Назлы Нуркенқызы Аружан Толқын Арна Жұмағазы Назерке Эрикова Анель 6В01507 «Химия-биология»



бет5/6
Дата22.11.2023
өлшемі398,14 Kb.
#192941
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физ хим-1

ҚОРЫТЫНДЫ
Турбидиметрия -лай ортада сіңірілетін жарық интенсивтілігін өлшеуге негізделген химиялық сандық талдаудың оптикалық әдісі. Өлшеу зерттелетін және стандартты ортада жарықты сіңіру интенсивтілігін салыстыру арқылы жүргізіледі. Турбидиметрияның бір түрі турбидиметрлік титрлеу. Онда анықталатын зат тұндырылатын ерітіндімен титрленеді және лайланудың максимумы бойынша эквиваленттілік нүктесі белгіленеді. Турбидииметрия сульфаттарды, фосфаттарды, хлоридтерді, цианидтерді, қорғасынды, мырышты анықтау үшін қолданылады.90° немесе кез келген бұрышпен өлшеу әдісін нефелометрия, ал түзу сызықты жағдайда өлшеуді турбидиметрия әдісі деп атайды. Турбидиметрлік өлшеу кезінде алынатын шаманы оптикалық тығыздықка сәйкестендіріп лайық деп атайды және оны Беер заңы бойынша аңықтайды.
Бұл екі әдіс те дәлдігі бойынша фотометрлік әдістен артық емес және ол өлшемі бірдей болып, уақыт өткен сайын тұрақты қалатын суспензияларды алу қиындығымен байланысты. Мұнда фотометрлік әдісте кездесетін негізгі кемшіліктерге суспензиялардың физикалық-химиялық және талдаулық қасиеттерінің толық қайталанбайтыны қосылады. Арнайы эзірленген және талданатын үлгі ерітінділерін салыстыра зерттегенде, жарықтың шашырауына ықпал ететін өлшемі біркелкі бөлшектерді алу жағдайын барынша біркелкі ету қажет. Бұл шарт неғүрлым дұрыс орындалса, нефелометрлік өлшеу дәлдігі соғүрлым жоғары болады.(2)
Турбидиметрлік өлшеу үшін кез келген фотометрді немесе спектрометрді пайдалануға болады. Егер еріткіш және шашырататын бөлшек түссіз болса, онда көгілдір немесе әсірекүлгінге жақын аймақтағы сәуле шығаруды пайдаланғанда, жоғаргы сезімталдылыққа қол жетеді.(3)
Қорытындылай келе,турбидиметрияға арналған приборлардың конструкциясы флуоресценттік приборларға үқсас, сондықтан кез-келген фотометрді нефелометрлік өлшем үшін қолдануға болатынын түсіндім. Шашыраған кезде толқын үзындығы өзгермейтіндіктен, екінші монохроматор немесе жарықтүтқыш қажетсіз болып қалады. Олардың приборда болуы түсетін жарық толқынының үзындығына қисындастырып, реттеуді қажет етеді.Көптеген флуориметрлер мен спектрофлуориметрлер нефелометрге арналған қосымша жабдыктармен қамтамасыз етілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет