Реферат тақырыбы: Волейбол. Дайындаған: Әбубәкір А. С. Қабылдаған: Меңдіғалиева Ш.Ә Тобы: бк-2 Волейбол



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі111,37 Kb.
#94081
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Реферат Әбубәкір А

Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).
Ойынды бастау үшін, негізгі тәртіп ережелері
Волейбол ойынында, біріншіден, бастапқы жол – ойын кезінде алға жылжу, екі қолды шынтақпен бүгу, басын алға көтеру. Ұшып шығу үшін түрлі қимылдарды орындайды. Алға, оңға, солға, жылжу, секіру және қолына түсу, доп соғу.
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
 Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.
Қорытынды
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор.Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет