2.3 Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін
гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Малды күтіп - бағу жүйелері мен әдістері деп - мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және
қолда кҥтіп-бағу жҥйелері ұсынылады. Сиырды байлап және
байламай ұстау әдістері пайдаланылады. Соған орай, ветерина-
риялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап,малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Қолда жайылымда ұстау-сауын сиыр шаруашылығында
анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңіңде мал қора-жайда,
ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады.Мал дәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі, мұндайда мал еркін жҥріп, күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде - мал жайылым кезеңінде жеңіл
жағалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ, сауын
қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал
ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оң әсерін тигізеді және
ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу
жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шара-
ларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қолда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде - мал жыл бойы
ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал көп
шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданы-
лады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп
табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуендетіліп, шабылған көк балаусамен азықтандырған орынды және экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда, мұндай жүйе кезінде азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және уақытылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға (көбіне жаппай) шалдыққыш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |