Ірі қара малдарына арналған қораның ішкі жабдықтары:
а- газды трубалармен бөлінген және қамытты байлауышты тұрақ. б- ағаш бөлгіштер және шынжыр байлауышты тұрақ. в-бокстер бөлгіштері. г- малдарды топтап шынжырлы байлауыштар. д- бұзауларға арналған тасымалдайтын клетка. е- бұзауларды топтап ұстайтын клеткалардың бөлмесі мен азық науасы. ж- ағаштан тұрақты азық науасы.
з- темір бетонды науа. и- аралас жасалған науа. к-көтермелі. л-кірпішті. м-қышты.
н- ағаштан жасалған азықты көлікпен таратуға арналған науа.
Байлауыштар әртүрлі материалдардан жасалып, мынандай гигиеналық талаптарға сәйкес келу керек:
1)Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып, жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып тұруына бөгет жасамауы қажет.
2)Байлауыш малдың мойнына жайлы, қажап жарақат түсірмейтін болуы керек.
3)Байлауыш үзіліп, шешіліп кетіп, байлаулы малдарды сүзіп жарақаттауға жол бермеуі керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және шынжыр металдардан жасалған байлауыштар сай келеді. Байлау тәсілдеріне қарап байлауыштар жекелеме түрде немесе автоматты жолмен жасалатын болады. Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы болады да, малдарды орнына тұрғызып , жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті басып байлауыштың жекелеме басы қос тармақты бөлігінің ортасынан өту арқылы сиырдың мойынын бекітеді.
Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық тарататын жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын тәсілдерге байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден 2,4 м дейін қалдырылады. Бұл жолдардан басқа қораның екі басынан және әрбір 25-30 сиыр тұрақтарынан кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0,24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әрбір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м2аралығында болғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |