Реферат Тақырыбы: Зертханалық жағдайларда ірі-қара малдармен жұмыс жасау тәртібі



бет2/10
Дата21.12.2022
өлшемі78,09 Kb.
#163600
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алибаева Нуржанат Реферат (1)

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі.Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты.
Ірі қара шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өңдіреді. Қазақстан Республикасында да бұл сала жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылғынан алынатын өнім 60℅ асады.

2.1 Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау.


Тұрғызып ұстау жүйесінде - сүт фермаларында және кешендерде кең қолданылады. Көк шыққан кезде, ірі қараларды көпжылдық немесе табиғи жайылымдарда құнды азықтармен азықтандыру, жақсы серуендету және т.б мақсаттарда жаяды. Бұл жүйеде жануарлардың табиғи резистентілігі, денсаулығы мен өнімі жақсарады. Сонымен қатар, бұл жүйеде жазды күндері мал орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы. Дегенмен, бұл жүйе жануарларды жайылыммен қамтамассыз ету үшін көп жерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет