Реферат тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»



бет3/6
Дата21.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#154286
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рауана азыктандыру дұрысы

Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Азық құрамында жүзден, мыңнан пайыз болып келетін микроэлементтер-дің жалпы организмге ас қорыту процестерінде атқаратын ролі зор. Олардың рационда жетіспеуі эндемиялық ауруларға әкеліп соғады.Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқанша безде жиналады. Йод молекулаларының тирозинмен құрған бір-, екі-, тирозин түріндегі қосындылары осы бездің Т3-үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин, яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бұл гормондар альбумин және глобулинмен байланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті орга-низмдегі «зат алмасу моторы» деп те атайды. Ол жалпы организм резистент-тігін күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған бұл биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтермен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге жатқызуға болады.Рационда йод жетіспейтін жағдайда эндемиялық алқым ісігі (қалқанша безінін ісуі) немесе энзоотикалық алқым ісігі – өте кең тараған геохимиялық энзоотия. Бұл ауруға шалдыққан қалқан безінің қызметі бұзылып, зат алмасу барысы зақымдалады.Алқым (қалқан) ауруы ауа, су және топырақ кұрамында йод жетіспеген жағдайда, яғни топырақта йодтың мөлшері – 0,00001%, суда – 10 мкг/л аз болғанда орын алады.Иод жетіспеушілігімен қатар энзоотикалық ісіктің пайда болуына йодқа қарсы әсер ететін химиялық элементтер, яғни кальций, стронций, марганец, қорғасын, фтор, кобальт, күкірт және кейбір азықтық қосындылар құрамында күкірті бар тұздар, зәрлік, антибиотиктер мен параминсалицил қышқылының көп мөлшері, С витаминінің жетіспеуі себептеседі.Қалқан безінің ісуі және оның қызметінің бұзылуы гормон түзу құбылы-сының бұзылуына тікелей байланысты. Ол жеті сатымен өрбиді:
1. Қалқан безіне йодтың жиналуы;
2. Йодтің молекулалық йодқа ыдырауы;
3. Йод пен тирозиннің монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин және тетрайодтирозинге айналып, тиреоглобулинмен тығыз байланысуы;
4. Қалқан безінің гормондары тиреоглобулиннен бөлініп, ыдырап, өз алдына жеке дара монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин, тетрайод-тирозин түрінде қан айналымына сіңуі;
5. Монойодтирозин, дийодтирозиннің галогенсізденуі және қалқан безінің йодидті пайдалануы;
6. Үшйодтирозин мен тетрайодтирозиндердің қан кұрамындағы альфа-глобулинмен йодтың ақзатпен байланысқан түрін түзуі;
7. Ақзатпен байланысқан йод торшада одан бөлініп, галогенсізденіп және ацитилді йодидтанып, торша ішіндегі зат алмасу құбылысын жылдамдатуы.
Сонымен, қалқан безі гормондарының негізгісі йодид пен тирозин. Егер бұл заттар жетіспесе тиреоид гормондарының түзілуі төмендеп, қалқан безінің құрылымы мен қызметі бұзылады.Энзотикалық дерт өте баяу білінеді. Малдың қоңдылығы мен өнімділігі, жүйке тамыр-тірек-қимыл тонусы төмендейді, түлеуі кешігеді.Ірі қара малдың организімінде йод жетіспесе басы мен мойынның жүні шектен тыс өседі, яғни «жал» мен «кекіл» пайда болады. Терісі құрғақ, қатты, серпімділігі нашарлап, көзге сөлекет көрінеді. Жүрек сазы мен дүрсілі әлсірейді, малдың азыққа араны ашылады, қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, ішек-қарын қабығы қабынады.Төменгі жақ асты мен мойнына су үймелеп, ісінеді, яғни микседема пайда болады. Сүт құрамындағы йодтың мөлшері 20-100 есе азаяды.Қан құрамындары гемоглобиннің мөлшері, эритроцитпен лейкоциттің саны азаяды. Аналық малдың арасында іш тастау және өлідей туу кездеседі, Өлідей туған түсіктің қалқанша безі шектен тыс үлкен, жақ асты, мойын және арқа терілерінің астына сұйық жиналып, ісінген.Диагноз қойғанда сойылған және өлген малдан зерттеуге алынған заттарды тексеріп, талдап анықталады.Геохимиялық эндемикалық зобты немесе йодтың жетіспеуін анықтауда қалқанша бездің дене массасына қатынасты салмағы арқылы, биогеоценоз-дағы йодтың мөлшері анықталады. Н.Уразаев (1978) дерегі бойынша қалқанша безінің салыстырмалы салмағы (100 кг тірі салмаққа шаққанда) ірі қарада – 7 граммнан аспауы керек.Аурудың дауасы (емі мен алдын алу) – мал организмінде жетіспейтін йодтың мөлшері үстеп қоректендіру арқылы толтыру.Йодтың жетіспеуінен пайда болатын ауруларды емдеп, алдын алу үшін йодты калий қолданылады. Калий йодидінің аурудың алдын-ала алу үшін қолданылатын мөлшері (1 кг тірілей салмағына шаққанда) – ірі қара малға – 3 мг.Калий йодидін ас тұзына қосып та қолданады. Йодталған ас тұзының құрамында калий йодидінің мөлшері 25 мг/кг болады, ал йодталған ас тұзын ұзақ сақтағанда оның құрамындағы йод ұшып кетеді, сондықтан йодтың мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін тексеріп тұру қажет.Калий йодидін йоды байланған түйіршек түрінде беруге болады, оны кайод деп атайды. Кайод – ас тұзының калий йодпен түйіршегі – оның кұрамында 3 кг калий йодиді бар, ондағы йод жылға дейін сақталады. Ірі қара малға тәулігіне – 1, ал сүтті сиырларға – 2-3 талдай береді.Калий йодидін тері астына немесе етке вазелинмен немесе А витамині ерітіндісімен араластырып енгізуге болады.Эндемикалық зобтың алдын алудың тиімді жолы – агробиогеоценоздағы биохимиялық жағдайды қалыптастырып, топырақ құрамына йодты енгізу. Мұны йод жетіспеушілігі орын алған Қазақстан аймағында қатаң ескерген жөн. Өйткені тіпті клиникалық ісік түрінде бейімделмеген жағдайда да йод жетіспеушілігі өсімі мен көбеюі, өнімділігін төмендету арқылы сала экономикасына орасан зиян тигізеді[1, 6, 10, 11, 13].Мыс. Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді. Қанға сіңірілген мыс аминқышқылдары және альбуминдермен байланысып, негізінен бауырда, сүйек кемігінде, жұлын мен жүнде, ал денедегі бүкіл мыстың жартысына дейіні бұлшық етте жиналады. Сондай-ақ, ішек, сүйек, тері құрамында кездеседі. Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс малдың көбеюшілігіне, сүттілігіне, жүннің өсімі мен оның түске боялуына (пигментациялануына) әсер етеді[1, 5, 13].Кобальт. Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда гемоглобинінің, глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді. Денедегі кобальт гидролитикалық ферменттерді белсендіріп, нуклеин қышқылдары мен бұлшық ет белогының түзілуін күшейтеді. Қан глобуліндерімен байланысқан кобальт бауыр, көкбауыр, бүйректе жиналады.Төменде рационда мыс пен кобальт жетіспеген жағдайдағы эндемиялық аураларды қарастырамыз[1, 2, 5, 7, 12, 13].Гипокупроз мал организмінде мыстың жетіспеуінен пайда болатын ауру. Гипокупрозда эритроциттің, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, ұлпаның тыныс алуы нашарлайды, ферменттердің белсенділігі әлсіреп, жүйке, азық қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.Ауру мал азығанда мыстың мөлшері аз болса немесе жетіспесе орын алады. Әдетте, азықтың 1 кг құрғақ затының құрамында мыстың мөлшері 6,0 мг-нан аз болса, сиырдың қанындағы мөлшері 0,7 мг/л кем болады да мыс жетіспеушілігінің белгілері айқындалады.Қан мен бауырда мыстың мөлшері шектен тыс төмен болса оның қажетті мөлшері миға жетпейді, мидың коректенуі бұзылып, ми торшаларында кеңістік пайда болады, жүйке тамырдың миеленсізденуі өрбиді, ми жұмсарып,. оған су жиналады. Каротиннің және ақзат сульфгидрильді тобының пайда болуы тежеледі және де басқа зат алмасу құбылыстары бұзылады.Мал төлдерінің қоректенуі бұзылу салдарынан атаксия байқалады.Гипокупроз жіті, созылыңқы және созылмалы болады. Жіті және созылыңқы түрімен мал туғаннан кейін 2-3 күнде, ал созылмалы түрі 2 ай және одан үлкен кезінде ауырады.Жасы үлкен малдардың сүттілігі, тірілей салмағы төмендейді, тәбеті бұзылады, яғни заттарды жалап, мал астына төселген зәр мен нәжіспен ластанған нәрселерді жеп, сүйек, шүберек, ағаш қиқымдарын, сымтемірді жұтып жейді, содан барып азық қорыту ағзалары зақымданып, кейбір бөлік-терін бітеп тастайды, Жүрек соғысы жиілеп, ырғағы бұзылады. Жүрек сазы әлсіз, естілер-естілмес болады.Ауру малды азық, қан, бауырдағы мыстың мөлшсрін анықтау арқылы анықталады. Мыс тұздарымен қоректендіру арқылы емдеп білуге болады.Ауру малға азыққа малдың тірілей салмағының 1 кг-на 0,25 – 0,5 – 1,0 мг мыс сульфатын енгізіп, 30-60 күн бойы қоректендіру керек.Егер мал азығының құрамында мыс шектен тыс төмен болса мал азығына мыс сульфатының немесе тотияинның 0,5-1% ерітіндісін немесе 0,5 мг тұзын жемге қосып, берілетін мөлшер көлеміне шектеп беруге болады.Егер аймақта молибден көп болып, кобальт және йод жетпесе онда мыстың мөлшерін көбейту қажет, яғни 1 кг салмаққа 1 кг мыс тұзын беруге болады.Кобальт хлоридін, мыс сульфатын және калий йодидін бір мезгілде бірге берген жағдайда, мыстың мөлшерін азайту қажет, себебі кобальт пен йод мыстың сіңуін жылдамдатады.Мал азығына мыс тұзын қосынды ретінде берген дұрыс (1 кг мыс сульфаты және 10 кг натрий хлориді бар қоспаны 1 кг салмаққа 1 г мөлшерінде беру керек) немесе құрама жемге қосып беруге болады.Ішетін суға мыс тұзын қосып беріп суаруға болады (100 л суға 20-30 мг 5% мыс ерітіндісін қосу қажет).Энзоотикалық атаксия – гипокупроздың бір түрі. Ол өсімдік пен мал организмінде мыс жетіспеуінен болады. Бұл аурумен негізінен малдың төлі, яғни қозы, лақ, бұзау және торайлар ауырады. Әсіресе қозы жиі ауырады: 40-65% ауырып, оның 50-90% өлім-жітімге ұшырайды. Содан барып мал басының өсуі төмендеп, өнімділігі төмендейді. Кейбір жерлерде мыс мөлшері қалыпты жағдайда болғанда да бұл ауру байқалады, ал оның себебі сол жердің топырағы мен өсімдігінің мал организімнің құрамында мыстың антогонистері бор, молибден, қорғасын, марганец, мырыш, күкірт шектен тыс болуында. Энзоотикалық атаксияның бірнеше себептері бар:
- мыстың абсолютті жетіспеуі, яғни азықпен суда мыстың мөлшерінің шектен төмен болуы;
- мыстың салыстырылмалы түрде жетпеуі, яғни мыстың антогонистерінің мөлшерінің ортада жоғары болуы;
- мал азығында мыстың жетіспеуі мен антогонистердің шектен тыс болуы. Ең соңғы себеппен ауырған мал өте ауыр ауырады.Мал гипокупрозбен ауырғанда құрамында мыс, темір бар ферменттердің тотығуы төмендейді, жүйке тамыр жүйесінде өзгеріс пайда болады, яғни мыс жетіспегенде ми құрамындағы белоктық заттарға әсер ететін жүйке торшалары өледі, ал олардың ыдырауынан шыққан зат қанға сіңеді.Ми ұлпаларының еріп, ыдырап, сінуінің салдарынан мидың жарты бөлігі қабығы жұқа қуысқа айналады, ол сұйыққа толады (гидроцефалия). Жүйке тамыр талшықтары ісініп, кеуіп, бөлектеніп, біркелкіленіп, өзгереді. Ол талшықтардың етпен жалғасуы бұзылады, яғни үзіледі, содан барып төлдің атаксиясы пайда болады немесе тірек-қимыл жүріс-тұрысы бұзылады.Малдың қоңдылығы, өнімділігі, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Дене бітімі бұрыштанып, түр-тұлғасы бұзылады, жүні жығылып, түссізденеді, тері түгінің түсі түссізденеді, терісі қыртыстанып, дөрекіленіп қатайып, серпімділігі төмендейді.Қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, асқазан мен ішек қабынады, тісі қозғалып түседі, анемия, қанның құрамындағы гемоглобин мен эритроцит азаяды.Билирубиннің мәлшері көбейеді, кілегей қабықпен тері сарғыш тартады. Малдың қозғалған және тыныштық сақтаған кезінде де атаксия байқалады.Ауруды анықтағанда биогеоценозбен малды зерттеп тексергенде алынған мағлұматтарды жіктеп, талдап, анықтайды. Малдың ауруын алдын-ала анық-тауды клиникалық, ал – негізінен биохимиялық тәсілмен жүргізеді. Бауырдағы мыстың мөлшері 500 мг/кг төмен болса, мал ауру деп саналады.Ауруды емдеу үшін 1 литр сиыр сүтіне 5-10 мл 0,1% мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ауру малға тәулігіне бір рет береді. Ал, сауылатын сиырдың азығына кобальт және мыс тұздарын қосу қажет, себебі қой сүтімен салыстырғанда сиыр сүтінің құрамында мыс мөлшері 40 есе көп.Мысты жалағыш ас тұзымен тотиянның 1:1000 қатынастағы қоспасын жасап беруге болады.Гипокрупоздың алдын алудың ең негізгі жолының бірі топыраққа мыстың тұзын енгізу арқылы биогеоценоздың геохимиялық жағдайын қалыптастыру.Гипокобальтоз – энзоотикалық созылмалы ауру, ол топырақта, өсімдікте және мал организмінде кобальт жетіспегенде туындайды. Гипокобальтозда малдың тәбеті мен дәм сезуі бұзылып, жылдам арықтайды, қаны азаяды, эритроциттің пайда болуы және зат алмасу бұзылады.Аурудың негізгі себебі топырақта кобальттың жетіспеуі (2-2,5 мг/кг төмен болса) және осы жерде өскен өсімдіктің құрамындағы мөлшері 0,07-0,08 мг/кг құрғақ затқа шаққандағы шамасы болса.Гипокобальтоздың пайда болуына топырақпен өсімдікте кобальтқа қарама қарсы әсер ететін элементтер (марганец, стронций, бор) шектен тыс болса әсер етеді.Сондай-ақ өсімдікті кальций, фосфор тыңайтқыштарымен қоректендір-генде кобальттың организімге сіңуі нашарлап төмендейді.
Кобальт организімде өте қажетті микроэлемент. Ол организімге азықпен енеді немесе витамин В12 түрінде жиылады. Кобальтпен В12 витамині бір-бірінің белсенділігін арттырып отырады, В12 витаминінің құрамында үш валентті кобальт 4,5% мөлшерінде болады. Ол қан құрылымын, ұлпа тынысын, иммундық дененің пайда болуын және зат алмасу құбылысын жылдамдатады.Мал азығында кобальт ұзақ уақыт жетіспесе үлкен қарындағы азық қорыту, микроорганизмдердің сандық және сапалық қасиеттері өзгереді.Малдың біртіндеп тәбетінің бұзылуы анорексиямен аяқталады. Құнарлы азықты қабылдаудан бас тартып, малдың түріне тән емес заттарды жейді, яғни зәр мен қиға былғанған төсеніш нәрселерді, темір, шүберек, ағаш, жіп және басқа заттарды.Малдың тәбеті бұзылған соң, ол жылдам азып, арықтайды, яғни іші жабысып қатып қалады – қатпа болады.Сиырдың салмағы 150-250 кг дейін төмендеп сүттілігі азайып, жүні жығылып, ұйпаланып, кейбір аумақта түсіп қалады, түлеуі кетеді, құрғақ тартып, серпімділігі төмендейді. Кілегей қабықтың түсі ақшыл тартып, бозарады. Күйіс қайтаруы мен шайнауы әлсізденіп, күйіс қайтару уақыты азаяды. Үлкен қарынның жиырылуының саны азайып, әлсізденеді.Жүрек сазы тармақталып, әлсізденеді, диурез бұзылады, жүйке тамыр жүйесінің сезімталдығы төмендейді.Гипокобальтозда гемоглобин мен эритроциттің мөлшері күрт төмендейді, эритроциттің көлемі мен түрі өзгереді, яғни анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, эозинофилия, гипохромды анемия, В12 агиповитаминозы орын алады.Малдың сыртқы жағымсыз әсер етуші күштерге тұрақтылығы нашарлап, ауруға шалдыққыш болып, өлімге алып келеді.Өлексе арық, құр сүйек пен теріден тұрады. Кілегей қабықтар ақшыл, сұрғылт тартады.Еттің көлемі мүлдем кішірейеді, ішкі ағзалар іседі. Ағзалардың ұлпалары мен торшаларында атрофия және дистрофиялық өзгерістері ұшырайды.Кобальт жетіспеген жағдайда ірі қараның қанының құрамында кобальттың мөлшері 30-60 мкг/л, қойда – 15-50; шошқада – 25-50; жылқыда – 10-50 мкг-л; сиыр сүтінің құрамында В12 витаминнің мөлшері 3,2-12,4 мкг/л, қойдікінде – 1-2; шошқанікінде – 0,03-2,7 мкг/л. Сау қойдың бауырындағы кобальт мөлшері орташа – 0,15, бүйрегінде – 0,25 мкг/лкг (құрғақ затында), ал В12 витамині қойдың бауырында – 0,1-0,19 мкг/г болуға тиіс.Егер күйіс қайтаратын малдың бауырында кобальт құрғақ затқа шаққанда 0,06 мкг/кг-нан төмен болса, ал В12 витамині 0,07 мкг/г төмен болса, онда ол мал организмінде кобальттың жетіспеуін білдіреді.Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуі керек.Кобальттың тұздарын жеммен, ас тұзымен қосып беру қажет. Ірі қара малға кобальтты – 20-40 мг мөлшерінде беру қажет. Егер малда анемия болса, онда етке құрамында темір бар дәрі-дәрмекті егу керек (ферроглюкин, ферродекс), яғни 150-30 мг темірді В12 витаминімен қосып етке егеді.Кобальт жетіспейтін биогеохимиялық аймақта: сауын сиырға – 1 азықтық бірлікке шаққанда 0,6-0,9 мг кобальт мөлшерінде беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет