Реферат Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі142,96 Kb.
#86247
түріРеферат
Байланысты:
Доклад



Реферат 
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы 
отбасы рөлі 
Айдарбекова Эльвира
01. 10. 2020 



 
Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь 
Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь 
Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь 
Введите свой текст здесь. 
ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ
§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбие- 
леуде отбасының рөлі
– «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда
жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда
да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты
ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының
негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады.
Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып
табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа
жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі
бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер
етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен
дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара
байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде
біздің түсінігіміздің негізін құрады.
– Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды
орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан



жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның
ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде
сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару
адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде
қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани
кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға
айналады.
– Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның
қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы
болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен
қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді
табуға болады.
– Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның
сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік
қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық.
Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма?
Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адам- 
дардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты
қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты
моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат,
асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың



барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет
етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы
шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- 
құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыныанық. Ең 
алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті
жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық- 
адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға
қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі
деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- 
құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді.
Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға
ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы
деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған.
Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет.
Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің
қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында
өз міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген
еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып,
бұл проблеманы шешу алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі
шаралар қажет.
– Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік
сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі
көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке



өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді
деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында
бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінез- 
құлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке
қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы
құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының
саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайлас
жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен
салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады.
– Осындай тұжырымдармен келісу қиын, себебі ешбір ұлттық
мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық
жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдық- 
этикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін
әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын. Сондықтан
жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін жалпыға ортақ
деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті зиян. Демек,
тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін
индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше рухани-адамгершілік
әлемінен іздестіру қажет. Сол кезде бәрі орнына түседі. Бұның бәрі
балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас кезінде дамиды және
біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының орнықты стереотипіне
айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе аласыз. Сондықтан отбасы
бұл мәселемен мақсатты бағытталған түрде айналысуы, өмір ерте



сатысында индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз
әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс. Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері,
сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды
немесе бұл жерде кезекті ұрпақтың санасына «қандай да бір
«нормалардың» минимумын сіңірумен қатар, қоғам алдында тұрған
міндеттерді шешуге рухани алғышарттарды құра отырып, сыбайлас
жемқорлыққа мықты иммунитет қалыптастыру туралы сөз болады. 
– Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық
туындатады. Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық
еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету
қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын
тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне
айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам»
атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы
бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол
әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты
және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады»
[1]. 
– Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды
еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған.
Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- 
әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы



деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл
тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
– Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға
болады: 
– өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылы- 
ғын арттыру қажет; 
– отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес
келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту
қажет; 
– адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде
қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс. 
 





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет