ӘОЖ 371.3:378.016:342.744
Қолжазба құқығында
БИМЕНОВА АСЕЛЬ ЗИНАБДИНҚЫЗЫ
Білім алушыларды кредиттік жүйе бойынша дайындаудың қашықтықтан оқыту технологиясы мен әдістемесі
6М011100 – Информатика мамандығы
бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
рефераты
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор С.С.Үсенов
Қызылорда, 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор С.С.Үсенов
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Г.Ж.Ниязова
Қорғау өткізіледі:
Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 6 оқу ғимараты, Физика-математика факультеті, №211ауд.)
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Диссертациялық кеңестің хатшысы,
жаратылыстану ғылымдарының магистрі Өтетілеу А
.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтықтан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады.
Қашықтықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына сай қолданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп отырған технологияның бірі – қашықтықтан оқыту технологиясы. Соңғы 10-15 жылдың ішінде телекоммуникациялық технологияның және гипермедияның қарқынды дамуына байланысты оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі артып отырғаны мәлім. Бүкіл әлемді қамтитын «Интернет» желілік байланысы қашықтықтан білім беру жүйесінің пайда болуына негіз болды. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру үрдесін жетілдіруді талап етті.
Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігін анықтауда көптеген отандық және шетел ғалымдары айналысты олардың арасында В.В.Гриншкун, С.Г.Григорьев, Ш.А.Абдраман, Б.Абдыкаримов, Ж.М.Абилов, Г.З.Адильгазинов, В.М.Амирбаев, В.П.Беспалько, В.В.Егоров, В.Г.Кинелев, Н.А. Минжанов және т.б.
Оқу процесінде телекоммуникациялық және компьютерлік желілерді қолданудың жалпы мәселесі және оларда жаңалықты енгізуге сәйкес оқыту үрдісі бойынша зерттеу нәтижелері Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балыкбаев, Д.М.Джусубалиева, Г.К.Изтилеуова, Ж.Караева, Е.Балафанова, М.Есбосынова, С.Т.Каргина, М.М.Коккоз, Ж.Ж.Наурызбай, Г.М.Нургалиева, Э.Г.Скибицкий, А.В.Соловов, С.С.Үсенов, К.М. Беркінбаев, Г.Ж.Ниязова еңбектерінде көрініс тапқан.
Болашақ түлектердің кәсіби шығармашылығында нақты тапсырмаларды шешу барысында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын бекіту және білім беру қызметінде қашықтықтан оқыту арқылы олардың шеберлігін көтеру.
Сырттай және экстернат формасында оқитын студенттердің талаптарын қанағаттандыру, яғни оларға кәсіп ететін орнынан алыстамай, өздеріне ыңғайлы уақытта білім алуды ұйымдастыру.
Қашықтықтан оқыту мен үйлестірілген күндізгі оқу формасында оқитын өзге облыс білім алушылардың талаптарын қанағаттандыру яғни олардың тұрғылықты мекен-жайы немесе уақытша орналасқан орнынан толыққанды білім алуды қамтамасыз ету.
Танымдық белсенділігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту әдісін пайдалану, студенттердің қызығушылықтары мен мотивтерін арттыру, яғни студенттердің контингентін сақтауды қамтамасыз ету;
Студенттерді оқыту сапасы мен үлгерімін арттыру;
Оқу процесін дәстүрлі ұйымдастыру формасы мен байланысты студенттердің кәсіби білім алуындағы кемшіліктерін жою.
Қашықтықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға т.б) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің нысаны
Кәсіби оқыту маманының ақпараттық технология шеберлігін қалыптастыру процесі;
Жоғарғы оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесін жетілдіру.
Зерттеудің мақсаты
Білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру;
Қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу;
Қашықтықтан оқыту әдістемесін ұйымдастыру;
Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық ресурстарды ұйымдастыру;
Білім алушылардың үлгірімін дайындауды ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері. Қашықтықтан оқыту жүйесінің ғылыми-теориялық негізін анықтау; Қазіргі заманғы желілік жүйенің (интернет) ерекшеліктерін көрсетіп, іске асу жолдарын белгілеу; Қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын жасау; Қарым-қатынас моделін жасау: оқыту-студент, әкімшілік-студент, студент-студент.
Ақпараттық технология бойынша және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылардың біліктілігін көтеру, қашықтықтан оқыту педагогтары мен курс авторларын дайындау.
Отандық және шетелдік қашықтықтан оқыту жүйесінің жағдайы мен проблемаларын ретроспективті салыстырмалы талдау жүргізу.
Қашықтықтан оқыту табиғатын анықтау және оны білім беру орындарында ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Қашықтықтан оқыту процесінде маман дайындау сапасы мазмұнды-процессуальды компоненттері ғана емес таңдалған оқыту моделі, ұйымдастырылған педагогикалық шарттар деңгейіне байланысты болады. Олардың жиынтығы төмендегі шарттарды сақтағанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шарттар:
Жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту қызмет аясының теориялық негізделген және практикалық жүзеге асырылған ережесі болуы;
ЖОО-ның бірегей ақпараттық-білім беру кеңістігінде қашықтықтан оқытудың инвариантты моделін жүзеге асыруда қажетті инновациялық оқыту технологиясының принциптерін пайдалану;
Кейс-желілік технология негізінде – қашықтықтан оқытудың ұйымдасқан педагогикалық шарттарын қанағаттандыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Оқу процесін қашықтықтан оқыту әдісімен ұйымдастыру педагогикалық ұжым үшін инновациялық болып табылады, себебі бұрын ЖОО-нында қашықтықтан оқыту жүйесі қолданылмаған:
Жаңа инновациялық білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдістері мен сипаты анықталған;
Ақпаратты беру мен өңдеудің жаңа электрондық әдістеріне негізделген, оқытудың жаңа технологиялары мен қашықтықтан оқытуды дамыту тенденциясы мен мүмкіндіктері нақтыланған;
ЖОО-ның бірыңғай ақпаратты білім беру кеңістігінде қашықтықтан оқытуды дамытудың практикалық аспектілері жасалып, теориялық негізделген.
Зерттеудің практикалық мәні. Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесі білім алушы мен педагогикалық қызметкердің толықтай қашықтықта немесе толықтай емес қашықтық негізінде жүзеге асырылады, сондықтан оқытушы ролі толығымен өзгереді (оқу-әдістемелік құралдар жасау, электронды оқыту құралдарын дайындау, қашықтықтан оқыту курстарын дайындау, қашықтықтан оқытуда студенттер мен сабақ жүргізу және студенттерге кеңес беру).
Ақпараттық технологиялар көмегімен қашықтықтан оқытудың оқу-материалдарын жасау және жеткізу, студенттерге материалды меңгеруге мүмкіндік беру және оқу процесінде пайда болатын дағдылары мен білімін бақылау.
Зерттеу базасы. Жоғары және орта білім беру орындарындағы оқу-тәрбие процесін анықтайтын нормативті құжаттар; Тақырыпқа байланысты шетел ғалымдарының еңбектері; Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін талқылаған социологтар, психологтар, педагогтар, философтар еңбектері; Білім беруге бағытталған web-сайттар, оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттама;
Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады: Қашықтықтан оқыту теориясы мен практикасын дамытудың тарихи-педагогикалық процесі оның әр түрлі формалары мен модельдерін пайдаланумен сипатталады: корреспонденттік, сырттай, ашық университет, мегауниверситет, ақпараттық және телекоммуникциялық технологиялар негізіндегі модельдер.
Шетелдегі білім беру және ғылыми бірлестіктердің теориялық және қолданбалы әрекеттерінің нәтижесінде қашықтықтан оқыту және білім берудің вариативті сипаттары анықталған.
Қашықтықтан білім беру оқу іс-әрекетін жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар осы оқу іс-әрекетін меңгеруге бағытталған ғылыми-педагогикалық білім облысы. Қашықтықтан білім беру негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын бақылау, арнайы оқу материалдарын пайдалану, дәстүрлі технология элементтерін пайдалану, сонымен қатар жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдалану ұғымдары жатыр.
Қашықтықтан оқытудың негізгі ерекшелігі сабақтарды ұйымдастыру формалары мен аттестаттау процедурасы мүлдем басқаша болады.
Ақпараттық жарылыс, еңбек рыногындағы жаңа қарым-қатынастар, күрделендірілген экономикалық талаптар адамды белсенді және көптеген тұрмыстық мәселелерді өз бетімен шешуге мәжбүрлейді. Олардың арасында:
Болашақ жұмысқа сәтті орналасу үшін неғұрлым дұрыс траекториясын таңдау;
Ақпарат әлемінде өз бетімен бағыттама алуы;
Білім деңгейіндегі олқылықтарды жылдам жою.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы мен тәжірибеге енгізілуі:
Эксперимент нәтижесінде кафедрада «Қашықтықтан оқыту» технологиясын жетілдіру жолдары ұсынылады, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығында «Актуальные проблемы и существующий опыт формирования образовательных электронных ресурсов» (Қызылорда-2011ж); «Білім беру электронды ресурстарын құрудың өзекті мәселелері» (Қызылорда-2011ж), «Қашықтықтан оқыту жүйесінің психо-педагогикалық проблемалары» «Магистранттар» жинағында жарық көрген мақалалары жарияланып, талқыланды.
Магистрлік диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың таңдалуы, оның көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны нықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі ашып көрсетіледі.
«Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері» атты бірінші бөлімде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастырудың дидактикалық құралдары мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары, қашықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
«Білім алушыларды кредиттік жүйе бойынша дайындаудың қашықтықтан оқыту технологиясы мен әдістемесі» деп аталатын тармақта ақпаратты–білім ортасын ұйымдастыру принциптері мен ұйымдастыру құрылымы, білім беру порталдары, жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары ұсынылды. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дәріс, семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізу, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім алушыларды дербестік және құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және оны ұйымдастыру тәсілдері тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны, білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты өзекті мәселелердің бірі-электрондық оқулықты дайындау көрініс тапты.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері тұжырымдар көрсетілген.
Қосымшада білім алушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы мен электрондық оқулықты қарастырдым.
Диссертация көлемі 103 беттен және 77 әдебиеттер тізімінен тұрады. Онда 7 сурет және 2 кесте келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдерде мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
Сонымен қатар, білім алушыларды жаттықтыратын және тестілік жинақтардың кемшіліктеріне қарастырайық. Оларды келесі түрдегі 3 топқа бөлуге болады:
Білім алу интерфейсінің кемшілігі (Интерфейс-бұл жалпақ тілмен айтқанда, адам мен машинаның арасында мәліметтер алмасуды орындайтын аппараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы):
өз бетінше білім алу режимінің жоқтығы;
сайыс түріндегі компоненттің жоқтығы;
ақпаратты берудегі біркелкілік
Тестілік тапсырмаларды құру интерфейсінің кемшілігі:
Ақпаратты енгізу мен тапсырмаларды құруға кететін уақыттың ұзақтығы;
Графикалық ақпаратты енгізуде туындайтын қиындықтар;
Анимациялық құралдардың жоқтығы.
Экзаменатор интерфейсінің кемшілігі:
Материалды игеруде туындайтын қиындықтар;
Білім алушылар жетістіктерін оперативті бақылайтын құралдардың жоқтығы;
Әр түрлі пәндер бойынша топ нәтижелерін салыстыру кезінде туындайтын қиындықтар.
Оқу орнын басқарушы интерфейсінің кемшілігі:
Тестілеу нәтижелерін сақтау және оларды бір жүйеге келтіру
құралдарының жоқтығы;
Әр пән бойынша оқу топтарының үлгірімін салыстыру құралдарының жоқтығы;
Оқу орны студенттерінің үлгірімін оперативті бақылау мүмкіндігінің жоқтығы.
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.
Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).
Білім порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі). Егер де порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы болады. Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің айырмашылықтарын білу қажет.
Контент – бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы (34.012-200, п.3.6 СТ РК сәйкесті анықталған).
Ақпараттық ресурстар – бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).
Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни ақпараттық ресурстар.
1-сурет. Контент: ақпаратпен толықтырылуы
Оқу орталарында ақпаратты-білім ортасын құрудағы негізгі мақсат - интернет ортасында ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты-білім ресурстары, оқу орындарында білім алу, мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.
Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған Интернет-портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде портал – бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты-білім және әмбебап инструментальды ортасының құралдары.
Портал өз формалары мен ұйымдастыру-құқықтық формасын, яғни өз Интернет-өкілдерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.
Ақпараттық-білім ортасын құру процесінде келесі негізгі міндеттер шешілген болу керек:
порталдың функционалды-мазмұндық құрылымы, яғни оны құрудағы механизмі мен технологиясы, оны кеңейту мен өзектілігін өңдеу;
спецификация және нормативті құжаттармен, ұлттық және халықаралық стандарттармен бірігуін қамтамасыз ететін ақпараттық оқыту жүйесінде түрлі ақпараттарды ұсынатын форматтарды жасау;
интегралданған ортақ жүйелі ақпаратты порталда бейнелейтін үлестірілген Портал элементі ретінде «Виртуальды университет»-ң бағдарламалық-дидактикалық жинақ архитектурасын өңдеу;
қолданушылардың белгілі мақсатқа арналған топтары мен олардың ерекшелігін бейнелейтін, барлық деңгейге сай білім алуға мүмкіндік беретін, Виртуальды университеттің функционалды-мазмұндық құрылымын өңдеу;
оқу процесін жүргізу құжаттамасымен бірге, білім беру процесінің барлық этаптарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сервистік қызмет типтік жинақтарымен кез келген оқу орнын қамтамасыз ету;
әрбір оқу орындағы виртуальды өкілдіктегі ақпарат құпиялылығы;
жұмысы немесе орналасқан жеріне тәуелсіз педагогикалық, ғылым кадрларымен тәжірибе алмасу және кәсіби қатынаста болуға мүмкіндік жасау;
административті, маркетингтік және басқа да оқу процесін сапалы өткізуді қамтамасыз ететін барлық оқу орындарының тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
басқа оқу орындарымен және техникалық қызмет орталарымен, білім қызметтерін тұтынушылардың ара-қатынасын реттейтін, типтік құжаттар жүйесі арқылы ақпараттық оқыту жүйесіне кіретін, білім мекемелерінің қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, сонымен бірге экономикалық механизм, жүйелік келісімдер мен кепілдемелерді, нормативті-құқықтық құжатты жасау;
ақпаратты-білім ортасында тәжірибемен алмасу және авторлық құқықты қорғау, желілік оқу процесінде әдістеме бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге кеңес және қосымша кәсіби ақпарат алу мен эксплуатациялық ортада административті және техникалық бағыттағы мамандар қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпаратты-білім ортасының администрациялау ядросын құру.
Білім жүйесін ақпараттандыру үрдісін дамыту отандық оқытуға бағытталған бағдарламалык құралдар дайындамайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең болып табылады. Бұлар-бақылау және тестілеу бағдарламалары, компьютерлік ойындар, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Педагогика және техника ғылымдарының қол жеткен табыстары негізінде оқытуға арналған бағдарламалық құралдардың әр түрлерін жасау және дайындау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық білімді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының негізгі қызметі болып табылады. Қазіргі кезде Республикалық білімді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы көбіне электрондық оқулықтар шығарумен айналысады.
Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.
Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсатты бөлігі модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль-пән салаларындағы жүйелік және қызметтік білімнің жиынтығы. Ол электондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың "қызметтік түйіні" болып табылады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретіндегі ақпараттық оқу ортасы. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейнематериалдармен толықтырылған. Мәтін қазақ, орыс және кейбір кітаптарды ағылшын тілінде дыбысталған.
Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
оқытуды даралау;
оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
оқу курстарын қолдау;
білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
кеңестер беру;
білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
білім алушылардың білімдерін бақылау.
Білім беру ұйымдарында:
білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және немесе сатылып алынған);
желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
тестілеу кешендерінің;
тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
желілік тестілеу кешендерінің;
оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:
оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.
Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.
Базалық жоғары оқу орны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар беру.
Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәуелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін электрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.
Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.
Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші электрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.
Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Ал ақпаратты қоғамда әрбір адам жаңа ақпараттық технологияларды жетік меңгере білу керек. Мысалға айтқанда әрбір адам Internet кең ауқымды желісімен толық жұмыс істеу алуы керек, осыған орай электрондық пошта, www гиперттекстік жүйе электронды оқу құралы және тағыда басқа көптеген заманына талабына сай мүмкіндіктермен таныса білудің ешқандай артықшылығы жоқ.
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;
- студенттердің жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.
«Білім алушыларды кредиттік жүйе бойынша дайындаудың қашықтықтан оқыту әдістемесі мен технологиясы» тақырыбына орындалған диссертациялық жұмыста мына мәселелер анықталды:
Білім беру жүйесіндегі қашықтан оқытуды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қашықтықтан оқыту әдістемесінің маңыздылығына көз жеткізуге болады;
Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен рөлі;
Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде қашықтықтан оқыту технологиясының қолданылу барысы;
Қашықтықтан оқыту жүйесі шалғай тұратын студенттерге тиімді жағдай туғызып, оқу материалдарын тез меңгеруіне ықпалын тигізеді;
Білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың әлеуметтік жүйесін саралау болашақ мамандардың қоғамдағы орны мен қызметін сапаландыруда маңызды рөл атқарады;
Қашықтықтан оқытуда студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескеру (еркіндік, өз бетімен оқуды игеру, жұмыс істей алу, мақсат пен талғам, қажеттілік т.б.) олардың кәсіптік іскерлігінің дамуына, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді;
Өзіндік ізденіске жетелейтін тапсырмалар, ой-толғаныстар, сауалнамалар, реферат т.б. студенттердің ойлау жүйесін дамытады, пайымын кеңейтеді, терең білім алуға жетелейді.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;
- студенттердің жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.
Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік береді.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
Е.Ы.Бидайбеков., С.С.Усенов., А.З.Бименова «Актуальные проблемы и существующий опыт формирования образовательных электронных ресурсов» Қорқыт Ата университетінің магистранттар жинағы. Қызылорда 2011ж ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған конференция.
А.З. Бименова «Білім беру электронды ресурстарын құрудың өзекті мәселелері» Қорқыт Ата университетінің магистранттар жинағы. Қызылорда 2011ж
А.З. Бименова «Қашықтықтан оқыту жүйесінің психо-педагогикалық проблемалары» «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық–педагогикалық технологиялар» жаңашыл педагогтардың 3 –ші форумы.290-292 б, Шымкент 2012ж
Е.Ы.Бидайбеков, С.С.Үсенов, М.М.Қуаңбаева, Есназарова А.А, Ақзуллақызы Л, Бименова А.З, «Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану» //Электронды оқу құралы. Қызылорда, 2012ж.
РЕЗЮМЕ
БИМЕНОВА АСЕЛЬ ЗИНАБДИНҚЫЗЫ
Технология и методика дистанционного обучения подготовки обучающихся по кредитной системе
6М011100 – Информатика
Актуальность исследования. В настоящее время образовательные технологии, которые используются в нашей стране, в системе образования, соответствуют новым требованиям образования. Одним из таких технологий является технология дистанционного обучения. За последние 10-15 лет связи развитиям телекоммуникационных технологий и гипермедии растет и эффективность использование компьютеров в обучении. Сетевая связь «Интернет» стала основой создание дистанционной образовательной системы, развитие науки и техники востребовало расширения процесса информатизации.
Объект исследования:
процесс формирования мастерства информационных технологий специализированного профессионального обучения;
развитие системы дистанционного обучения в ВУЗ.
Цель исследования:
развывать технологию дистанционного обучения в системе образования;
подготовка курсов по дистанционному обучению;
организовывать методику дистанционного обучения;
организовывать информационные ресурсы в системе дистанционного обучения;
организовывать подготовку успеваемости обучающихся;
Задачи исследования: определить научно-теоретическую основу системы дистанционного обучения.
Повышение квалификации учителей по информационным технологиями дистанционного обучению, подготовка педагогов и авторов курсов дистанционного обучения.
Проведение проблем ретроспективно сравнительного анализа и состояний Казахстанской и зарубежной системы дистанционного обучения.
Определить характеристику дистанционного обучения и определить особенности организации в образовательной сфере.
удовлетворить организованных условии дистанционного обучения.
Научные новости и теоритические важности исследования. Организовать процес обучения методом дистанционного обучения, является инновационным для педагогического коллектива, потому что раньше в ВУЗ не использовалась система дистанционного обучения:
В новой инновационной образовательной системе определены методы организования дистанционного обучения и характеры;
Уточнены новые технологий обучения, возможности и тенденция развития дистанционного обучения;
В единой информационно-образовательном пространстве ВУЗ были сделаны практические аспекты развития информационного обучения.
Практические значимость исследования: Во время дистанционного обучения осуществляется получателем образования в полной и не полной дистанционной основе, поэтому роль преподователя полностью изменяется (при дистанцонном обучении создать учебно-методические предметы, приготовить предметы электронного обучения, подготовить курсы дистанцонного обучения).
С помощью информационных технологии создать и отправлять учебные материалы, дать возможность студентам изучить материалы.
Базы исследования: Нормативные документы определяющие учебно – воспитательные процессы в высших и среднообразовательных заведениях; труды социологов, психологов, педагогов, философов обсуждавщие проблемы подготовки специализированных кадров.
На защиту выносятся следующие выводы исследование:
Теория дистанцонного обучения и историко – педогогический процесс развития практики характеризуется исползованием моделей: корреспондентский, очно – открытый университет, мегауниверситет и модели на основе телекоммуникационных технологии. В результате теоретических и прикладных поступков иностранных научных сообществ были определены вариативные характеристики дистанцонного обучения. На основе дистанцонного обучения контралируются работы обущающихся, используются специальные учебные материалы.
Содержание диссертации:
Диссертация состоит из введения, двух частей, заключения, списка использованной литературы.
Во введении дается обоснование исследования, определяются цели работы, задачи исследования.
В заключительной части показаны результаты исследования.
В приложении учебно-рабочая программа и электронный учебник для обучающихся.
Объем диссертации составляют 103 страниц, 77 списоков использоанной литературы, 7 фотографии, 2 таблиц.
RESUME
BIMENOVA ASSEL ZINABDINKIZI
Technology and methods of distance teaching students for training on the credit system.
6М011100 – Informatics
The actuality of the research: Nowadays, educational technologies in our country, which are used in the educational system correspond a new demands educational and the Republican political - economic choices. One of the such technology is the technology of distance teaching. For the last 10-15 years connection development of the telecommunication technologies and hypermedia grows and the effectiveness of the use of computers in education. Network connection "Internet" was the basis for the establishment of distance education system. The development of science and technology claimed to expansion the process of informatization.
Object of research:
process formation of skill information technology the specialty professional training;
development of distance teaching in higher education system.
Aims of research:
- develop distance-teaching technology in the education system;
- prepare courses for distance teaching;
- organize distance teaching methodology;
- organize information resources in distance learning;
Organize training for the learner objectives of the study. Determine scientific and theoretical basis of the distance teaching system. Professional development of teachers in information technology distance learning, training of teachers and authors of distance learning. A retrospective comparative analysis of the problems and the State system of the Kazakhstan and foreign system.
Determine the nature of distance education and define peculiarities of organization of educational policies.
Scientific News and theoretical importance of the research: To organize training process by distance learning is innovative to the teaching staff because they had not been used in HIGH distance learning system:
- The new innovation education system defined methods of organized distance learning and character;
- Detail new learning technologies, development tendency and opportunities;
- In a single information and educational space of HIGH made practical aspects of development information.
The practical value of the research: During the learning process of distance learning education and be the recipient of a full and complete distance-based, so the teacher's role is reversed (to create educational and methodological articles, to prepare articles, e-learning, distance learning courses to prepare, with distance education to give advice to students).
Using information technology to create and deliver training materials, give the students an opportunity to study the material.
Base study regulations governing educational processes and higher and works nastirannyh slovoobrazovatel′nyh establishments on the themes, works of scientists of sociologists, psychologists, pedagogues, philosophers were discussing the problem of training specialized personnel.
The protection will be provided following the conclusion of the research:
Theory of distance learning and pedagogical development historian-practice is characterized by the use of models: correspondent, internally, the Open University, megauniversitety and model based telecommunication technologies.
As a result of theoretical and applied scientific communities into foreign identified various characteristics of distance learning. Distance learning is an area of pedagogical education aimed at examining them. On the basis of distance learning, supervising the work of students, the use of special materials.
The magistrates of thesis: This is consists of introduction, two chapters, list of used literature, prisoners.
The Entry is open showing selection of theme based its relevance, purpose, composition, main idea, showing methods of research.
Research shows concluded. Applications in the curricula reviewed online tutorials for students.
Volume of the thesis comprise 88 pages, a list of 107 items of literature, 3 photos, 16 tables.
Достарыңызбен бөлісу: |