Билік және басқару органдарының реформасы. 1708 ж. Россияны губернияларға бөлу жөнінде патша жарлығы жарияланды. Бұрынғы бірнеше уездер провинцияларға, ал бірнеше провинциялар губернияларға бірікті. Алғашқы кезде 8 губерния құрылды. Губерниялар басында губернаторлар немесе генерал-губернаторлар отырды. Одан кейін жоғары басқару жүйесіне реформа жасалынды. Бұрынғы Москва Русінде ең жоғарғы билік Боярлар Думасының қолында болатын, әрине Дума билігі патша билігімен шектелетін. Енді Боярлар Думасы сословиелік орган ретінде өзінің маңызын жойды, заң патша атынан жарияланатын болды.
1711 ж. басқарушы Сенат құрылды. Бұл патша жорықтары кезіндегі билік жүргізетін орган болатын, бара-бара Сенат тұрақты органға айналып, Петрдің мемлекеттік жүйесіндегі маңызды органға айналды. Сенат барлық Чиновниктармен жаңа мекемелерді сайлады. 1722 ж. 12- қаңтардағы жарлық бойынша Сенаттың басқару жүйесіндегі прволары кеңейтілді. Сенат прокуратура функцияларын атқара бастады.
Петр І мемлекеттік бақылау ісін жетілдіру мақсатымен фискалитет жүйесін құрды. Бұл мекеме әкімшілік қызметі үстінен құпия бақылау жүргізді. Фискалитет жүйесі Батыс Еуропада кеңінен тараған тәжірибе болатын. 1725 ж. генерал – фискал және оның көмекшісі обер – фискал функциялары туралы арнайы нұсқау жарияланды.
Петр қайта құрулары ішіндегі ең маңызды өзгерістердің бірі шіркеу басқару жүйесі туралы реформа болды. Бұл мемлекет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынас мәселесін шешті. Консирвативті позициядағы москвалық дін иелері Петр реформасына қарсылық білдірді сондықтан 1700 ж. патриарх Адриан қайтыс болғаннан кейін жаңа патриарх сайланбады, діни билік уақытша Рязан митрополитин Стефан Яворскииға берілді. 1701 ж. дін органдарының қолынан монастырлық және епископтық-вотчиналық жерлерді басқару правосы светтік шенеуніктер қолына берілді, яғни, мемлекеттің шіркеу жүйесіне бақылау күшейді.
1721 ж. Дін коллегиясы – Сенот құрылды. Сенот президенті болып, Стефан Яворский сайланды.
1920 ж. қалаларды басқару реформасы жүргізілді. Қала халқы екі категорияға бөлінді. 1. Регулярный, яғни қозғалмайтын мүлігі және сауда кәсібі барлар.
2. Қаланың қара халқы мен жұмысшылары.
Қаланы басқару жүйесі құрылды. Қала магистраттары құрылды. Олар қаланың барлық тұрмыс – тіршілігін басқарды.
Сонымен ХҮІІІ ғ. І ширегінде Россияда орта ғасырлық басқару жүйесінің орнына өте мықты бюрократиялық жүйе құрылды. Алайда, бұл жүйе ресейлік самодержавиялық билік шеңберіндегі жүйе болатын. Сондықтан да мемлекеттегі барлық саяси билік монархтың қолына жинақталды. Монарх барлық заң шығарушы билікті өз қолына жиып, құқық көзіне айналды. Белгілі тарихшы А.С. Лаппо-Данилевскидің айтуынша «Патша өз пікірі негізінде шешімдер қабылдап, саяси мақсаттар мен міндеттерді өзі ғана анықтап отырды». Сол кездегі Андрей Нартовтың әңгімелерінде мынандай анықтама берілген: «Говорят чужестранцы, что я повелеваю рабами как невольниками. Я повелеваю подданами, повинующимися моим указам. Сии указы содержат в себе добро, а не вред государству. Английская вольность здесь не уместна, как к стене горох. Надлежит знать народ, как оным управлять».
Сонымен Петр І дәуірінде Россияда абсолюттік режим қалыптасты. Батыс елдерінде абсолютизмнің классикалық формалары орныққан болатын. Алайда Батыс Еуропада капитализмнің қарқынды дамуы жағдайында абсолютизмнің қарсыласы буржуазия болып есептелеінетін, ал Россияда бұл жоқ. Сондықтан Россияда абсолюттік монархияның азиаттық диспотизмге тән белгілері болды. Петр І реформаларына баға бере келе өзінің көлемі мен салдарлары жағынан орасан зор өзгерістер болып, Россия прогрес бағытында орасан зор қадам жасады, Россия өте маңызды сыртқы саяси мәселелерді шешті. Алайда реформалар феодалдық-крепостниктік система шеңберінде жүргендіктен осы системаны консервациялап, жаңа тенденциялардың дамуына мүмкіндік бермеді. Ал бұл жағдай Россияның Батыстық өркениеттің дамыған елдерінен артта қала беруіне негіз болды.