5 апта 13 кредит сағат №9 дәріс Тақырып: XVIII ғ. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
Дәрістің мазмұны:
ХҮІІІ ғ. І ширегіндегі Россияның экономикалық және әлеуметтік саясаты.
Анна Ивановнаның тұсындағы Ресей. Империяның ішкі саясаты;
ХVІІІ ғ. елдің ішкі саясаты: Дворяндар мен көпестердің мүмкіндіктерінің артуы. «Дворяндардың еркіндігі туралы Манифест»;
9-дәріс ХVІІІ ғ. І - ширегіндегі Россияның экономикалық және әлеуметтік саясаты. Петр І-нің сыртқы саясаттағы елеулі табыстары Россия экономикасындағы қайта құруларсыз мүмкін емес еді. І Петр патшалық құрған жылдары Россия өзінің экономикалық дамуында орасан зор өзгерістер жасады. Әр алуан салалы 200 – дей монфактуралар ашылды. Метал өндіруден дүниежүзінде І орынға шығып, Еуропалық рынокқа метал сатушы елге айналды. Техникалық құрылымы жағынан орыс зауыттары Батыс Еуропалық деңгейде болды. Бұл нәтижелер мемлекеттің экономикаға батыл араласуының салдары болатын.
Мемлекет меркантилизм және протекционизм саясатын жүргізді. Тиімді тауар түрлерін өндіруді маңызды мәселе деп есептеді. Жаңа өнеркәсіп аудандары құрылды. Мысалы: Орал өнеркәсіп ауданы. Бұл ауданда ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындары салынды. (мата, мақта, тері, қағаз өндірістері). Мемлекет ішкі, сыртқы саудаға монополия орнатты.
Мемлекеттің экономикалық саясаттың екінші бір саласы салық саясаты болатын. Салықтың негізгі бөлігі шаруалардың мойнына түсетін. Салық тұрақты және экстра ардинарлық болып екіге бөлінді. Салық түрлері: ақшалай натуралды, жұмыспен өтеу т.б. Шаруалар сонымен қатар рекрут салықтарын өтеді, жолдар салды, каналдар қазды, көпірлер тұрғызды, әскери бекіністер тұрғызды, сондықтан да шаруалар жыл бойы өз қожалықтарынан қол үзді. Мемлекеттік қазыналарды толықтыру мақсатында жамбас салығы салынды. 1718-1724 жж. қалалар мен уездерде ер адамдар санағы жүрді. Бұл санақ нәтижесінде сарай қызметкерлері де салық төлеуге тиісті болды. Салықтан тек қана дворяндар мен дін иелері босатылды.
Салық ауыртпалығы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды туғызды. Шаруалар өз қожаларынан қаша бастады. Тіпті кей кездерде қару алып та қарсыласты. Мысалы, 1707-1708 жж. Дон атаманы Кондрати Булагиннің көтерілісін атауға болады.
Петр І дәуірінде дворян сословиясы тұрақты түрде армида қызмет істеді, олар ең төменгі шеннен бастады. 1722 ж. «Табель о рангах» деген құжат бойынша барлық әскери азаматтық қызметкерлер 14 дәрежеге бөлінді. Әрбір қызметкер өзінің қызметі барысында 14 дәрежеге дейін көтеріле алды. Мысалы: 8 дәрежеге жеткендері офицер шенін алып, мұрагерлік дворян сословиесінен өтті.
1714 ж. патша бұйрығы бойынша жер иелеріне жерді бөліп сатуға, сыйлауға тыйым салынды. (единонаследие).
Әлеуметтік саясатта монфактураларды жұмыс қолымен қамтамасыз ету қарастырылды. Әрине крепостной право өнеркәсіптің дамуын тежеді. Монфактуралардағы жұмыс қолы, негізінен ерікті шаруалар тобынан қалыптасты, яғни, 1649 ж. «Собор Уложениясына» ілікпегендер есебінен. 1721 ж. Петр І монфактураларға крепостной шаруалармен қоса тұтас деревняларды сатып алуға рұқсат берген жарлығын жариялады. Кейін бұндай шаруаларды «посессиондық шаруалар» деп атады. Бара-бара крепостной шаруалар еңбегіне негізделген манфактураларда еңбек өнімділігі төмендеп, Россияның Еуропадан артта қала бастауының негізіне айналды. Дегенмен де Петр І дәуірінде Ресейде қуатты индустриялық база жасалып, бірақ елдегі капиталистік қатынастардың даму тенденциялары тежеле берді.