Ұлы Петр тұлғасына баға.
ХІХ ғасырдағы «батысшылдар» Петр дәуіріне, тұлғасына өте жоғары баға берді, ал, «славянофилдер» орыстық ұлттық ерекшеліктерді жойды деп айып тақты. Белгілі орыс тарихшылары С.М. Соловьев, В.О. Ключевский Петр тұлғасына өте жоғары баға береді. Петр тұлғасына біржақта баға беруге болмайды. Оның мемлекет қайраткері ретіндегі қызметін өте жоғары бағалаймыз, шын мәнінде Петр реформалары Россияның негізгі даму бағыттарын анықтап берді. Россияда ірі өнеркәсіп құрылып, тұрақты армия және флот құрылды, Россия ұлы державаға айналды, оның халықаралық байланыстары ұлғайды, Россия еуропалық мемлекеттер қауымдастығына кірді. Светтік білім, мәдениет дамыды. Қоғамның көптеген әлеуметтік топтарының тұрмысы мен өмірі өзгерді.
Алайда Петр реформалары, тұтас мемлекеттік саясаты күштеу және зорлау әдістерімен жүргізілгендігін ұмытпау керек. Петр қайта құруларының көлеңкелі жақтары да болды. Асығыс европизациялау саясаты қоғамның тек жоғарғы тобын ғана қамтыды, сөйтіп үстем таппен бұқара арсындағы байланыс үзілді. Қоғамның үстінен басшылық құрған қуатты бюрократиялық аппараттың құрылуы барысында тоталитарлық мемлекеттің негізі қаланды. Осы Петр дәуірінде бақылау жүйесі, жала жабу, жазалау, өлім жазасына кесу сияқты әдістер әдетке айналды. Қоғамда қорқу, қауыптену, үрейлену атмосферасы орнықты. Бұқаралық санаға жеке бас культі идеялогиясы енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |