Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығыстың тарихы тереңде. Қазіргі соғыс – соңғы 30 жылдағы саясаттың кесірі. Оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
1990-2003 жыл: Украинаның Ресейден кетуі. 1990 жылдың бірінші жартысында Ресей мен Украина арасындағы Қара теңіз флоты меншігіне және инфрақұрылымына қатысты мәселе үлкен дауға айналды. Мәскеу Киевтің құзырында болған Қырымдағы базаларынан айырылғысы келмеді. Ал Украина Қара теңіз флотының барлық инфрақұрылымы мен мүлкін қайта тағайындауға әрекет етті. 1992 жылы 5 сәуірде Украина президенті Леонид Кравчук КСРО-ның Қара теңіз флотын Украинаның меншігі деп жариялады. Ал 7 сәуір күні Ресей президенті Борис Ельцин де осындай қадамға баруға мәжбүр болды.
2014-2021: Қырымды аннексиялау және Донбасстағы соғыс Қақтығыстың жаңа кезеңі 2022 жыл: Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 2021 жылдың көктемінде Украинаның оңтүстік-шығысында белсенді соғыс қимылдары қайта басталды. Украина қарулы күштері бейтарап аймақтың бір бөлігін бақылауға алу әрекетін жасады. Ресей шекарадағы әскер санын көбейте бастады. Сәуірдің аяғында жағдай қалыпты жағдайға оралғанымен, күзде қайта басталды.
2021 жылдың желтоқсан айының ортасында Ресей Америка Құрама Штаттарына және НАТО-ның басқа елдеріне бірқатар талаптар қойды. Атап айтсақ:
-НАТО шығысқа қарай одан әрі кеңеюден бас тарту;
-Америка күштері мен қару-жарақтарын Шығыс Еуропадан шығару;
-Соққы қаруын орналастырудан бас тарту.
Алайда Ресейдің Украинаға басып кіру қаупіне сілтеме жасай отырып, НАТО Шығыс Еуропадағы әскери қатысуын кеңейтетінін жариялады.
Менің ойымша бұл қақтығыстағы Ресейдің негізгі мақсаты АҚШ-тың әлемдегі елдерге ықпалын азайту және Украинаны қайтару деп санаймын. Ресей бұрынғы Шығыс Еуропаға ықпалынан айырылды. Қазір соны қалпына келтіруге тырысуда. Ресейдің қазіргі жағдайы өте қиын, оны АҚШ саяси экономикалық жағынан қыспаққа алуда. Соның ішінде санкцияларды атап өтуге болады. Бұл қақтығыс тек Ресейге ғана емес оның жанындағы көршілес елдерге соның ішінде біздің Қазақстанға әсер етуде. Себебі біздің экономикамыз тікелей Ресеймен байланысты. Ал АҚШ болса осы қақтығысты пайдалана отырып Ресейді әлсіретуде.