Республикалық басылым білім жолы


Рефлексия. «Солнечная система»



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172075
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
№-02-40-2023
1. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары, Жазықтықтағы координаталар әдісі. Дидактикалық материалдар. Нұсқа 2. Сабақ 4, лек-3бөлім, NWMOASHFMYQB12112022122700, DOC-20230214-WA0030. ағылшын 7 сын, Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 2021 school 115 (2), Ғылыми жоба Оқушы Оспанова Диляра
Рефлексия. «Солнечная система»
На планетах пишут 
пожелания к уроку.
23


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ
ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МУРАТБЕКОВА ГУЛЬНАРА ТОКТАСЫНОВНА
Алматы облысы, Райымбек ауданы «Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп 
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да
жақсырақ етіп жасауға болады». Генри Форд
Бүгінгі таңда оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдығын талап етіп отыр. 
Қазіргі педагогикаға енген жаңа әдістер мен тәсілдер мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының
қабылдаушы рөлінде мүлдем сыйыспайды. XXI ғасырды бәсеке ғасыры десе, сол бәсекеде тек
бәсекеге қабілетті, өз пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді игеріп қана қоймай, сол білімін
өмірде қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылып отыр.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-
қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты- оқу үрдісін жаңарта отырып,
оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен
білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда
мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» демекші, қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін
арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді,
бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру болып табылады. 
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар,
рефлексия мен кері байланыс түрлері өте көп. Солардың ішінде оқыту барысында тиімділігі жоғары
бірнеше әдіс түрлерін атап кеткенді жөн көрдім. Олар: «Ақындар мен жазушылар» әдісі, «Аквариум»
әдісі, «Алфавит» әдісі, «Ара ұясы» техникасы, «Аударыспақ» әдісі т.б.
Әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы өткен сабақтардың тиімділігі неде? 
Біріншіден, мұғалім көп қиналмайды , оқушылар жаңа сабақты оңай қабылдап, тез меңгереді
,сондай-ақ сыныпта артық шу, артық әңгіме болмайды .Екіншіден, оқушы мен оқушы, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтастық жоғары болады. Сабақ барысында тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану
нәтижесінде оқушының сабаққа қызығушылығы артады, нақты өз
деңгейінде бағаланады, жеке қабілеті айқындалады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.
Сонымен қатар тиімді әдістерді тапсырмалар арқылы пайдаланғанда оқушылар: өз ойын ашық,
қысылмай жеткізе алады,өз ойын дәлелдеуге тырысады,өзіне деген сенімділігі жоғарылайды,оқуға
деген қызығушылығы артады,ой шапшаңдығы, сөз байлығы молаяды,өз әрекетінің дұрыстығын
түсініп, қорғай алады.
Қазіргі таңда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы сабақтардың алғы шарттарына: сабақты
белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау; сенімділікке баулу үшін баланың
жауабын үнемі бағалау; қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру; әр түрлі
жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау; тіл байлығын дамыту үшін қалайда
жауабын соңына дейін тыңдау; жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру
жатады. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білуді
басты назарда ұстаған жөн. Сабақты әртүрлі әдіс–тәсілдерді қолданып ,түрлендіріп өткізу
оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.
Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім
беру. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру сапасын арттыру,баланы жеке тұлға
ретінде алып қарап тәрбиелеу-ұстаздар қауымының міндеті.
24


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Міне, сол мақсатта дайындалған «белсенді оқу» әдістері, оқу мақсаттары мен білім беру
бағдарламасы жобаға еніп, ұстаздар қауымына жаңартылған білім беру бағытымен танысу, жаңа
серпіліс берді. Белсенді оқу оқушылардың бойына белсенді оқуға ынталандыру, жеке, топтық, тұтас
сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқу үшін бағалау, сияқты қасиеттерді түрлі әдіс- тәсілдер
арқылы қалыптастырады және дамытады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Қабырғадағы роль», «Суреттер сөйлейді», «Пікір
сызығы», «Эмоциялар графигі», «Маңыздылық аймағы» сынды белсенді әдіс- тәсілдерді қолдануға
болады. «Қабырғадағы роль» әдісінің негізгі мақсаты- оқушылар өз ойларын жүйелеп айтады. 
Топпен жұмыс жасау барысында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып, көру арқылы
танымдық деңгейі артады, ойлау, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Бұл әдісте айтылым, жазылым,
тыңдалым дағдылары қатар жүреді.
«Әуе шары» әдісінде айтылым мен тыңдалым дағдылары жүзеге асады. Бұл әдісті қолдану
кезінде оқушының сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын бақылау арқылы өзіндік ой- пікірін анықтаймыз.
Әдісті жүзеге асыру барысында оқушылардың ситуациялық сұрақтарға ұтымды жауап беру қабілетін
бағамдап, сабақтағы нақты ақпараттарды қаншалықты меңгеріп, есте сақтағандарын көре аламыз.
«Эмоциялар графигі» әдісін сабақта қолданудың тиімділігі сол, мұнда оқушылар төрт дағдыны
қатар қамти отырып, шығарманы жан- жақты талдайды. Оқушылар шығармадағы ойды анықтап,
эмоциялар графигін сызады.
Мәтіндегі ең құнды ойды анықтауды мақсат етіп, жеңілден күрделіге көшу сипатында белсенді
оқу дағдыларымен «Маңыздылық аймағы» әдісі іске асады. Бұл әдістің тиімділігі- оқиға мәтінін
шолып оқуға, ой елегінен өткізуге болады. Шеңберді толтыру барысында оқушылар ұсыныстар айта
отырып, жаңа, тың идеялар қосады.
Өзіндік пікір қалыптастыруда «СМС» әдісінің маңызы зор. Бұл әдіс арқылы оқушылар тың
мәліметтермен танысып, бір- бірімен қарым- қатынас орнатады, ойларын өмірмен байланыстырып
түйіндейді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда белсенді әдістерді әр сабақта жан-жақты қолданып,
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тілді оқытып,
үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс топтарында оқытылатын қазақ
тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын
арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын
танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы
құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.
Қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші,
ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ,
ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің, мемлекеттік
мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен
жетістіктерімізге тоқтала келіп, «...бабалардың ерлігі, буындар бірлігі және жас ұрпақтың
жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана мәңгілік ел боламыз. ...енді, ешкім өзгерте алмайтын
бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес,
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» – деп тамаша айтты. Ана тілімізді – мәңгілік тіл ету өз
қолымызда. Яғни, алдына қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр,
жаңалыққа жаны құмар, рухы биік ел ғана «мәңгілік ел» болып ғасырлар бойы жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет