Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Шакирова Гульназ Иманаевна



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата29.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#115984
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
457 журн Сбор

Шакирова Гульназ Иманаевна   

Қызылорда облысы. 

Қызылорда қаласы. 

Ы. Алтынсарин атындағы  № 10 мектеп-лицейінің  

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   

 

Ағылшын тілін үйренудегі электрондық қолдау ретінде Wiki  



технологиялардың мүмкіндіктері 

 

Білім  беру  -    инновацияны  ендіру  үшін  қолайлы  кеңістік.  Бүгінде  біз  ағарту 

саласының  отандық  жүйесі  өз  дамуының  кезекті  кезеңіне  енуінің  куәсі  болып 

отырмыз.  Салаларды  жаңарту  халықаралық  тәжірибе  мен  қазақстандық  білім 

берудің дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып жүргізілуде.

 

Қоғамның  бүгінгі  басты  бағыттарының  бірі  –  білім  беру  үрдісін 

ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың 

негізгі  шарты.  Өйткені,  жаңа  ақпараттандырылған  қоғам  жағдайында  өмір  сүріп 

жұмыс  жасай  алатын  болашақ  ұрпақтың  даярлығы  жүзеге  асады.  Сонымен  қатар 

білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, 

жаңа  әдістерін  іздестіру  болып  отыр.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлттың 

бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  оның  білім  деңгейімен  анықталады»  деген 

байламы  білім  беру  саласына  зор  мақсаттар  мен  міндеттер  жүктейтіні  белгілі. 

 Ал  ақпараттарға  сүйенер  болсақ,  кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының 

өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы 

сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.Бүгінгі таңда Қазақстан «білім – 

ғылым – инновация» сияқты үштік басқаратын постиндустриялық әлемге бет алған 

кезде  білім  мен  кәсібилік  үшінші  мыңжылдыққа  рұқсаттама  болып  табылатыны 

сөзсіз. Осыған байланысты жаңғырту үдерісібілім беру жүйесінде жалғасын тауып, 

ол  нарықтың  нақты  қажеттіліктері  мен  әртараптандырылған  экономиканы  егжей-

тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс. 

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгермейінше,  сауатты,  әрі  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 

технологияны  меңгеру  оқытушының  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  қасиеттерінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық  технологияларды  оқушылардың ағылшын 

тіліне  деген  қызығушылығын  арттыру  құралы  ретінде  қолдану  өте  тиімді.  

Жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу  және  қолдану,  интеллектуалды дамыған, 

ақпараттық  ортада  жақсы  әрекеттене  білетін  тұлғаны  қалыптастыру  жолында 

пайдалы  болуы  мүмкін  коммуникация  құралдарының  барлығын  пайдаланудың 

белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының  шығармашылық қабілетін аша 

білу  үшін  жағдай  жасау,  оның  қабілетін  дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру  және 

жауапкершілікке  тәрбиелеу  сөз  болады.  Білім  және  біліктілік  адам  үшін  маңызды 

құндылықтарға  айналады.  Соған  орай  білім  жүйесі  де  дайын  білімді  игеруге  ғана 

емес, 


интеллектуалдылықты 

қалыптастыруға, 

жеке 

танымдық 



әрекетті 


 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



10 

қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс.  Адам  әрекетінің  әр  түрлі  саласында  озық 

ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады. 

Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық 

қалыптасқан  жазу,  тыңдау,  түсіну,  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға  әбден 

болады.  Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы 

оқушылардың  әрқайсысының  үйлерінде  әдетте  көптеген  ойындары  бар 

компьютерлер,  ноутбуктар,   видеолар  мен  телевизор  бар  болғандықтан,  олар 

қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың 

мүмкіндіктері  оқушыларға  оқу  бағдарламаларын  оқып  тіл  үйренуде  де  сәтті 

қолданылатынын  түсіндіруге  мүмкіндік  беріп,  шығармашылық  белсенділікті 

дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын 

үйренуге  ең  жақсы  жағдайларды  жасауға  әсер  етіп,  нәтижесінде  сапалы  білім 

алуын  қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын 

тілі  сабақтарында  қолданудың  негізгі  мақсаттары:  тілді  үйренуге  деген 

мотивацияларының  артуы,  тілдік  компетенцияны  дамыту,  өзге  тілдегі  мәтіндерді 

түсіне  білу,  сондай-ақ  ақпаратты  байланысқан  және  дәйектелген  күйінде  бере 

білу,  лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік 

мәдени  құрылымы  туралы  білімнің    толығуы,  ағылшын  тілін  өз  бетімен  үйренуге 

даярлық пен қабілеттілікті дамыту. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  тілі  –  ағылшын  тілін  жаңа 

технологиялар  арқылы  оқыту  ісі  күннен  -  күнге  өзекті  болып  келеді.  Тілді 

ақпараттық  -  коммуникативтік  технология  арқылы  оқыту  –  тіл  үйренушінің  өз 

бетімен  тіл  үйрену  қабілеттерін  жетілдіруіне  игі  ықпал  ететін  тиімді  жүйе  болып 

табылады. 

Сонымен 


қатар 

оқушылар 

интелектуалдық, 

шығармашылық 

және 

коммуникативтік  істерін  дамыта  алады,  оқушының  оқу  белсенділігі  артады, 



сабақтың  негізгі  кезеңдерінің  бәрінде  оқушыларға  шығармашылық  жұмысты 

ұсынуға болады. 

Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына 

қосылу  мүмкін  емес.  Ал  мектеп  мұғалімдерінің  бүгінгі  заманға  сай  берілген 

сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отырғаны мәлім. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



11 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет