Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

 
Эмпирикалыќ єдістер
.
Б±л топќа енетіндер: баќылау мен µзіндік баќылау, 
эксперементалды( лабораториялыќ, табиѓи, ќалыптастырушы) єдістер; 
 
психологиялыќ 
болжау (психодиагностика): тест, анкета, с±раќ беру, социометрия, интервью, 
єњгімелесуєдістері; шыѓармашылыќ, іс
-
єрекет µнімдерін талдау єдістері; µмірбаяны мен 
танысу єдістері.
Деректерді µњдеу єдістері:
сандыќ (статистикалыќ) жєне сапалыќ (алынѓан материалды 
топќа жіктеу, талдау) єдістері.
Реттеу
-
т‰зету єдістері:
аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялыќ ыќпал ету єдісі, 
оќу
-
‰йрету єдісі.
4. 
Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен 
ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің 
барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен жеке 
адамның психикалық көріністерінің сапалық заттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу 
міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме
-
дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі.
Мұндай өңдеу зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың сапалық ерекшеліктері 
туралы пікір айтуға болатын көрсетркіштерді алдын ала анықтап алуды, немесе сол 
көрсеткіштерді фактілі материалды талдау процесі кезінде дәл таба білуді талап етеді.
Мәселен, ойлау процесі зерттелуде делік (әр жастағы немесе әр түрлі жағдайда 
оқитын оқушылардың ұғымды игеру материалы бойынша). Бұрыннан белгілі 
көрсеткіштердің қайсысы ұғымды меңгерудің сапалық ерекшеліктерін сипаттау үшін 
қолданылатынын
алдын ала шешу керек, не тиісті көрсеткіштерді эксперименттік 
материалдарды талдау барысында тікелей анықтау қажет. Бұл жағдайда сапалық 
көрсеткіштер бола алатындар: белгілерді даралау толықтығы, олардың мәндік дәрежесі, 
белгілер мен ұғымдар арасындағы өзара байланыс сипаты, ұғымды анықтаудың 
ерекшеліктері, олармен әр түрлі жағдайларда операция жасау талдын ала шешу керек, не 
тиісті көрсеткіштерді эксперименттік материалдарды талдау барысында тікелей анықтау 
қажет. Бұл жағдайда сапалық көрсеткіштер бола алатындар: белгілерді даралау толықтығы, 
олардың мәндік дәрежесі, белгілер мен ұғымдар арасындағы өзара байланыс сипаты, ұғымды 
анықтаудың ерекшеліктері, олармен әр түрлі жағдайларда операция жасау тағы басқалар.
Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан 
психикалық көріністерге баса назар аудару керек, өйткені, бұл адамға қазір ненің тән 


20 
20 
екендігін ғана емес, сондай
-
ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік 
туғызады.
Алайда, зрттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық 
құбылысты
суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан
да 
табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын 
сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады.
5. 
Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты матриалды 
математикалық өңдеуден өткізу
әдістері
әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін 
анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады. 
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше 
маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір көрсеткіштердегі айырмашылықтардың 
сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері 
туралы, қанша адамның сыннан өту қажаеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге 
мүмкіндік береді. 
Психикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін альтернативалық, корреляциялық, 
дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланылады. 
Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, 
болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. 
Осы белгілердің сандық көрсеткіштерле көрінуін альтернативалық талдау деп атайды. 
Альтернативалық талдаудың сандық көрсеткіштері бірнешеу. Әдетте құрылым 
көрсеткіштермен арақатынастар көрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым көрсеткіші 
бөлшек пен бүтін арақатынастар көрсеткіші бүтіннің бөлшектері арасындағы процент пен 
берілген қатынасты сипаттайды.
Барлық сыналатындардың қай бөлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейінннің 
тұрақтылығы, есте сақтау тәсәлдері
тағы басқалар) ие, ал қай бөлігінің оларға ие емес 
екендігін анықтау керек болған жағдайда құрылым көрсеткіштерін табады. Белгілі бір 
қасиетке
ие сыналушылар топтар арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар 
көрсеткіштері анықталады. Мысалы, есие сақтау процесін зерттеу кезінде қандай 
материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалдың белгілі бір түрін есте нық 
сақтау бейім сыналушы топтар арақатынасының қандай екендігін анықтау қажеттілігі туады. 
Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір
қасиеттердің, белгілердің бар екенін 
анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның көмегімен белгілер арасында тәуелділік бар
-
жоғын 
анықтауға болмайды.
Психикалық құбылыс белгілерінің өзара байланыс дәрежесін (екінші сөзбен айтқанда, 
байланыс тығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың көмегі арқылы сипаттап 
беруге болады. 
Корреляциялық сияқты дисперциялық (ажырату) талдаудың да міндеті 
– 
зерттеліп 
отырған белгілер арасында өзара байланыстың бар
-
жоқтығын анықтау. Ал корреляциялық 
және дисперциялық талдау
арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау 
байланыс тығыздығының мөлшерін тек эксперимент үшін мәні бір белгілер арасында 
анықтауға мүмкіндік береді. Дисперциялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсер 
ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әрқайсысының әсер ету мөлшерін 
анықтауға болады. Мұндай жағдайда экспериментші зерттелетін белгілерге тигізетін әсері 
зерттелуі қажет факторлар шеңберін өзі анықтайды.
Психологиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеудің анағұрлым күрделі әдісі
факторлық 
талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше 
әзірлік
кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілердің шамасы 
айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу өткізеді және корреляциялық матрицалары, 
яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен байланысытығыздығын 
бейнелендіретін корреляциы коэффициенті көрсетілген таблица құрастырылады. 
Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын, факторлардың топтағы 
салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды 
табуға мүмкіндік береді.


21 
21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет