негізгі әдіс, екінші тобы
қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі
әдістердің
біріне
байқау әдісі жатады.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның
психикалық ерекшеліктерін
қадағалауды
байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи
жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай
–
ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы
зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез
–
құлқын, жалпы
әрекетін
байқауға болады. Сондай
–
ақ адамның ерік күшін, сезім
ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.
Ғылыми
зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай
байқау әдісінде кейде
аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін
–
фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка
бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1)
Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет
қайталанып
зерттелуін қамтамасыз ету;
2)
Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет.
Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ,
мақсатымыз
–
оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір
ерекшеліктерін білу;
3)
Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын
стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу
–
осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын
күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе