Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

Баќылау с±раќтары:
 
1.Ұжым дегеніміз не.
2.Ұжым және жеке адам.
3 .Ұжымның құрылымы мен функциясы.
4.Ұжымның қалыптасуы
5.Ұжымға қойылатын талаптар.
 
 
 
18-
лекция 
 
 
Таќырыбы: 
ПСИХИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жоспары:
1. 
Психикалық құбылыстар туралы түсінік.
2. 
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы.
3.
Психикалық процестер .
4.
Психикалық қалып.
5.
Психикалық қасиеттер.


68 
68 
Лекция маќсаты: 
Студенттерді психикалық құбылыстармен, олардың топтастырылуымен, 
психикалық процестермен, қалыппен, қасиеттерімен таныстыру.
Лекция мєтіні
:
1. 
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға 
жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру 
бойынша, психика бір
-
бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі 
психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық 
қасиеттер
деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) 
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял
т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді 
тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние
мен (объективтік
шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері 
шешуші қызмет атқарады.
2. 
Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, 
үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының 
осы екінші тобы ғылымда
әлі де болса толық зерттелінбеген.
Психикалық қасиеттер 

бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең 
маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті,
қабілеті
мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық 
қасиеттердің
қалыптасуында
адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, 
жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.
3.
Психикалық процестер 
– 
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі 
бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып 
тұр. Оқтын
-
оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп 
сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін 

әлі
құрбақа
бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері 
арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан 
жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен 
бейнеленеді.
Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, өшіп кетпейді, оларды 
кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, 
үйіндегілердің
бет 

пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда 
оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы 
қасында
тұрғандай көрінбей, жәй елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін 
мұғалім сабақ сұраған да студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті 
нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес 
процестері әңгіме болып отыр.
4. 
Ғалымның
тыңнан бір жаңалық ашуы, инжинердің машина ойлап шығаруы, 
оқушының шығарма жазуы т.б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын қабылданған нәрселерді 
қайта
өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процес қиял деп аталады. Алдымызда 
тұрған мәселені шешу, заттардың себеп
-
салдарын байланыстарын көрсету, болмасты 
жалпылай және жанама түрде тану
-
ойлау процесіеің арқасында болып опырады. Сөйлеу 
мен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі. Біз айналадағы 
нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Іссіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты 
қуанамыз, жаман нәсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, 
ұнату, ұнатпау, уайым, масаттану,
достық, жолдастық, адалдық,шыншылдық т.б. адамның 
сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар.
Қандай
болмасын, бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да 
алда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген мақсатқажету
үшін
барлық күш жігерімізді жұмсаймыз. Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, 
ерік, жігер қажір
-
қайрат
процестері көрінеді.


69 
69 
5. 
Жан қуаттары ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық 
жақтарының (қабылдау, елес, ойлау,қиял т.б.) белгілі обьектіге бағытталып, шоғырлануы. 
Зейін жан қуаттарының қай
-
қайсысына
болса да дәнекер болады, оны күшейте де әлсірете 
де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады.
Психикалық процесстердің осы түрлері бір
-
бірімен тығыз байланысып жатады. 
Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттері мен (қабілет, мінез, 
темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық
-
физиалаогиялық тума қасиеттерімен де 
орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың 
әсерінен
түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір
-
бірімен тығыз байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет