Республикасы


Жарақат түрлері: сіңір созылу, буын шығу, ұзақ уақыт ауыр салмақ басу синдромы



бет108/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125
Байланысты:
тқн

2.Жарақат түрлері: сіңір созылу, буын шығу, ұзақ уақыт ауыр салмақ басу синдромы


Жарақат (ағыл. trauma; injury; shock trauma; нем. Trauma n, Verletzugf; psychisches Trauma; гр. trauma - жарақат) - Сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.т.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат — көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты.
Жарақат түрлері:

  1. Өндірістен тыс жарақаттар – спорттық, тұрмыстық, транспорттық және жолдан өту кезінде алынған жарақаттар.

  2. Өндірістік жарақаттар – ауыл шаруашылығында және кәсіпорындарда алынған жарақаттар.

  3. Қастықпен жасалған жарақаттар - әскери жарақаттар.

Жұмсақ ұлпалардың жабық түрде зақымдалуы
Жабық түрде зақымдалуға жұмсақ ұлпалардың механикалық (соғып алу, қысып алу, сіңірдің созылуы және үзілуі) түрде, яғни жалпы тері қабатының бүлінбей зақымдалуын жатқызамыз.
Соғып алу (contusio) - жұмсақ ұлпалардың жабық түрде механикалық зақымдалуы және мүшелердің анатомиялық тұтастығының сырт көзге көрінбейтіндей бүлінуі (тері асты жыртылуынан айырмашылығы).
Жаралап алу әдетте құлағаннан немесе кішкене болса да кинетикалық энергиясы бар доғал затпен (тас, құрал - сайман т.б.) ұрып алу нәтижесінде туындайды. Жұмсақ ұлпалардың соғылуы ерікті зақымдалу бола алады немесе сүйек сынғанда жаралап алған жермен бір уақытта байқалады.
Соғып алудың клиникалық белгілеріне ауырсыну, ісіну, қанталау, ағза қызметтерінің бұзылуы жатады. Ірі жүйкелердің соғылуы салдарынан, шок туындауы немесе осы аумақты қоздыратын жүйкенің сал болуы мүмкін.
Ауырсыну - бұл жаралап алудың бірінші белгісі, ол жарақаттана салысымен бірден пайда болады. Сәлден соң ауырсынуы баяулап, зақымдалғаннан 1-3 сағат өткеннен кейін қайтадан одан сайын ауыра бастайды. Ауырсыну қарқынының ұлғая түсуі жарақаттың қанталауымен, ісінуінің өршуімен немесе гематоманың қарқындауымен байланысты.
Аяқ - қолды соғып алудың, сынық пен буын шыққаннан бір айырмашылығы, буындарды қимылдату бірте - бірте қанталау мен ісіктің өрши түсуіне байланысты мүмкіндігінен айырылады, ал сүйек сынғанда, жарақаттана салысымен бірден қимыл қозғалысын жоғалтады.
Соғып алған аймақтың кішкентай ісігі, еш бөгетсіз сау ұлпаларға ауысып, сырт көзге ауыратындай, қанталап көрінеді. Бұл ісіктің өзі зақымданудың алғашқы сағатынан бастап немесе бір тәуліктен бастап немесе бір тәуліктен кейін өршей түседі.
Соғып алудың бір ерекшелігі оның қанталауында, өйткені тері мен тері асты клетчаткалары аққан қанды сіңіріп алады. Егер тері мен тері асты клетчаткасы соғылса, ол алғашқы минуттарда немесе сағаттарда бірден пайда болады. Ал сүйек қабығының бұлшық еттері соғылса, қанталау екінші - үшінші тәулікте пайда болады және кейде соғып алған жерден бөлек маңайға шығады.
Сіңірдің созылуы және үзілуі.
Шапшаң және кенеттен қатты қозғалғанда, сіңірлер мен бұлшықет байламдары анатомиялық тұтастығын жоғалтпастан, серпімділік жегінен шығуына байланысты сіңір тартылады, ал қарама - қарсы бағыттағы бөгеттен өтсе немесе белгіленген денедегі мүшені қатты күшпен бір бағытта тартатын болса ол үзіліп кетеді.Аяқ қайырып алғанда көбінесе сирақ - табан буынының созылуы сирек кездеседі.
Сіңір созылудың клиникалық көрінісі: сол жердің ауырсынуы, аздап ісінуі, ұлпалардың сарысып, ісуі байқалады, сондай - ақ қозғалғанда буындар сырқырап ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет