Республикасы


дәріс: Жарақаттар. Сынық және оның түрлері және алғашқы дәрігерлік көмек



бет107/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125
Байланысты:
тқн

дәріс: Жарақаттар. Сынық және оның түрлері және алғашқы дәрігерлік көмек.




Жоспар:

  1. Жара туралы түсінік. Жараның түрлері

  2. Жарақат түрлері: сіңір созылу, буын шығу, ұзақ уақыт ауыр салмақ басу синдромы

  3. Сынық, түрлері, белгілері

  4. Сынық кезіндегі алғашқы дәргерлік көмек.



1.Жара туралы түсінік. Жараның түрлері


Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Жараның себептеріне байланысты 7 түрін ажыратады:

  1. кесілген - өткір заттың әсерінен тері, кілегейлі қабықша, қан тамырлары мен жұмсақ ұлпалардың зақымдануы.

  2. шаншылған - өткір, үшкір зат әсерінен пайда болады. Басқа жаралардан айырмашылығы ұлпаларды қатты зақымдайды.х

  3. шабылған - өткір, ауыр зат әсерінен пайда болады. Айырмашылығы сүйектердің сынуы байқалады.

  4. соғылған – ауыр жарақат алған кезде байқалады. Гематомамен сипатталады (қанның ұюы). Айырмашылығы – ірі нервтар зақымданса жарым- жандыққа (паралич) шалдықтырады.

  5. уланған – қышқылдар мен сілтілер әсерінен байқалады.

  6. тістелген – адам немесе жануарлар әсерінен пайда болады. Ең қауіптісі – жануарлардың аузындағы вирулентті флорасынан сілекей арқылы «құтыру» вирусын жұқтырып алу қаупі бар.

  7. оқ жарасы – оқ немесе жарықшақ әсерінен пайда болады үш түрін ажыратады.

а) тұйық оқ жарасы – оқ немесе жарықшақтың ұлпа ішінде қалып қоюы. б)Теспе оқ жарасы – оқ немесе жарықшақтың ұлпаны зақымдап, сыртқа
шығып кетуі.
в)Жанама оқ жарасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет