Республикасы



бет103/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125
Байланысты:
тқн
ЭССЕ на тему, Doc1, Е, нг, Баскетбол және оның ережелері, Баскетбол және оның ережелері, СН РК 1.03-05-2011 «Охрана труда и техника безопасности в строительстве»
Жүректің ишемиялық ауруы - ең кең таралған ауруларының бірі және әлемнің дамыған елдеріндегі халық арасындағы өлім-жітім мен еңбек қабілеттілігінен уақытша және біржолата айырылу себептерінің ішінде бірінші орын алады.
Жүректің ишемиялық ауруы - миокардаға әкеп соқтырып, оның сорғыштық функциясының бұзылуына, осының салдарынан әртүрлі ауытқуларға әкелетін жүрек қан-тамырлары ауруы. Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі
болып атеросклероз, яғни, тамырдың ішкі қабырғасына холестериннің жиналуы табылады. Кей жағдайларда жүректің коронарлы артерияларының қысылуы байқалады, әсіресе бұл жағдай әйелдер арасында жиі кездеседі. Холестериннің жиналуы нәтижесінде артерияларлың ішкі саңылауы тарылып, миокарданың қанмен қамтамасыз етуі азаяды да, әсіресе адамға физикалық күш түскен кезде жүрек жиі соғып, оған жеткізілетін ауа мен қан мөлшері жеткіліксіз болады да, жүрек аймағында аурыру белгілері пайда болады (жүрек талмасы). Корнонарлы артериялар тарылған сайын болмашы жағдайдың өзінде-ақ, мысалы, сөйлесу кезінде, тамақ ішкен соң, суықтың әсерінен, жүйкеге салмақ түсу кезінде ауыру белгілері байқалады. Әдетте, кеуде тұсындағы ауру тыныштық жағдайында бірнеше минуттардан соң өздігінен тарайды. Ауру сол жақ жауырынға, қолға, астыңғы иекке, кейде асқазанға да беріледі. Бұл жағдайда адам оны гастрит немесе асқазанның ойық жарасымен шатыстыруы мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруы пайда болғаннан бастап, оның дамуының екі нұсқасы бар. Біріншісі - науқас емханаға, дәрігерге қаралады да, ауруханаға жатқызылып, жоспарлы коронография жасалады, екінші нұсқасы - коронарлы артериялардың тарылуынан жүрек артериясында қанның ұюы пайда болып, жіті инфарктқа әкеліп соғады.
Миокард инфаркты бір-біріне ұқсас емес, барлығы қанның ұюы қай артерияда болғанына байланысты. Егер инфаркт миокарда жүректің негізгі камерасы - сол жақ қарыншаның жұмысына жауап беретін негізгі артерияның жабылуына байланысты болса, онда болжамдар көңіл қуантардық емес. Миокардит (Myocarditis). Миокардит жүрек бұлшық етінің қабынуы. Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша – жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша - шектелінген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты - босалқы және қосалқы түрлерін.Себептері. Жүрек етінің қабынуы – көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз). Жұқпайтын аурулардың ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен уланулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет