Республикасы


) Биоалуантүрліліктің қысқаруы



бет49/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
Байланысты:
тқн

5) Биоалуантүрліліктің қысқаруы.


Біздің ғаламшардың өсімдіктер мен жануарлар әлемі әрқилы. Жердің биологиялық алуантүрлілігі көптеген миллион жылдар бойы құрылған. Алайда ХХ ғасыр өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Жойылған ағзалар түрлерін қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Көптеген түр организмдердің жойылуына байланысты оларға жалпы ортақ қамқорлық жасау үшін 1992 жылы Рио-де-Жанейрода биологиялық алуантүрлілік туралы Халықаралық конвенцияға қол қойылды.
Биологиялық алуантүрлілік – бұл тіршілік иелері ұйымдастырылуының молекулалық-генетикалық, популяциялық және биоценоздық деңгейлерінде көрініс беретін, органикалық дүниесіндегі формалары мен үрдістерінің алуантүрлілігі. Ол биосфераның және оның құраушы экожүйелерінің функционалдық құрылымын сақталуы үшін қажет.
Адамзаттың пайда болуы мен дамуы Жер эволюциясы үрдісінің айтарлықтай түрін өзгертті. Өркениет дамуының ерте сатысында жер өңдеуде ормандарды кесу және өрттеу, малдарды тым көп жаю, жабайы жануарларды аңшылық, соғыстар бүкіл аймақты қаңыратып, өсімдіктер бірлестіктерінің бұзылуына және жануарлардың жеке түрлерінің жойылуына әкелді. Халық санының өсуі және ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің қарқынды дамуы Еуропа мен Солтүстік Америкадағы ормандардың жаппай жойылуын туғызды. Үлкен аумақтағы мал шаруашылығы (Орта Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Еуропа) жасыл жамылғының өліміне, топырақ қабатының эрозиясына әкелді.
Ғаламшардың орманды аймағы қазіргі кезде 4 млдр га жуық, оның 2 млрд га – тропикалық орман құрайды. Соңғы 300 жылда 70 % орман жойылған. Мамандардың мәліметі бойынша ормандардың қысқару жылдамдығы жылына 30 млн га немесе минутына 20 га құрайды. Ормандардың қысқаруы нәтижесінде климаттың өзгерісі, көміртекоттегі және су балансының бұзылуы жүреді, топырақтың химиялық құрамы өзгереді, тұтастай экожүйелер жойылады. Біркезде ормандармен жаппай жамылған көптеген аймақтарда олардың тек 10-30 % территориясы сақталған. Африканың тропикалық ормандар ауданы 70 %, ал Оңтүстік Америкада - 60% қысқарған, Қытайда территориясының тек 8 % орманмен жамылған.
Негізгі мекен орталарының өзгеру (немесе жойылуы) жабайы жануарларға апатты әсер етеді, олардың түрлерінің көп санының жойылуына әкеледі.
Соңғы 400 жыл ішінде табиғат пен табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) мәліметі бойынша Жер бетінен құстардың 100 астам түрі, сүтқоректілердің 70 жуық түрі жойылып кеткен.
Биологиялық алуантүрлілік сақтау үшін генетикалық банкілердің ғаламдық байланыс торы құрылған, ол жерде 100 астам елдердің бірлескен қызметтестігі аясында өсімдіктердің өсінді плазмаларының Бүкіләлемдік жинағы сақталады. Қорықты аумақтардың жүйесі дамуда. Сонымен қатар, соңғы уақытта өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін сақтайтын биотехнологиялық әдістер (жасанды жағдайда микроклонды көбейту, криоконсервация) дамып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет