І. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
«Асбат аль-Ансар»
«Мұсылман баурлар» (Ихуандық)
«Талибан» қозғалысы
ІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
«Хизб-ут - Тахрир» ұйымы
ІII. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
«АУМ Синрикё»
«Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»
IV. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
«Түркістан ислам партиясы».
Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:
«Джунд-аль-Халифат»
Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:
РҚБ «Сенім. Білім. Өмір».
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:
«Таблиғи жамағат» ағымы
УАХАБИЗМ
Уахабизм – ХVIII ғасырда пайда болған ағым, Сауд Арабиясының ресми мәзхабы. Ол бойынша ер адам міндетті түрде сақал қоюы тиіс және намаз оқымаған адам мұсылман емес. Сондай-ақ әулиелердің басына, қабірлерге зиярат етіп баруға болмайды. Пайғамбардың туған күні – Мәулітті тойлауға қарсы. Қожа Ахмет Йассауи сияқты зәулім кесенелерге құрмет көрсетілуді күпіршілік деп санайды. Мәзхабтарды мойындамайды. Жұма күні жеті шелпек тарату, келіннің бетін ашу сияқты әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге де қарсы. Өздерінше өмір сүрмеген адамдарға қатал көзқараспен қарайды және қажет болса, күштеп көндіруге тырысады. Осы орайда тарихта талай рет қан төгілуіне себепші болған. Осы ғасыр басындағы шешен елінде болған қантөгістердің бас- ты қоздырушысы ретінде аталынады. Тар ұғымға байланған нағыз фанаттар. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өлкелерінде көбірек шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |