Республикасы



бет97/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125
Байланысты:
тқн

Химиялық қауіптілік.


Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.
Күшті әсер ететін улы заттар
Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді:

  1. тұншықтырғыш әсері басым заттар;

  2. жалпы ұлылық әсері басым заттар;

  3. тұншықтырғыштық және жалпы ұлылық әсері бар заттар;

  4. өсіп- өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);

  5. тұншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

  6. метаболдық улар;

  7. заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Улағыш заттарды жіктеу:
-Жүйке жансыздандыратын: зарин, зоман, В-газдары, ВХ
-Тері іріңдік немесе резорбтивтік әрекетті: иприт, күкіртті және азотты люиприт
-Тұншықтырғыш әрекетті: фосген, дифосген.
-Жалпы улағыш әрекетті: СО, хлорциан, синил қышқылы, лизергин қышқылы.
-Уақытша қатардан шығару: психологиялық және инккапостанттар (кереңдік, соқырлық, шок) : маскалин.
-Тітіркендіргіш әрекетті: хлорпикрин, хлорацетофенон .
Улағыш заттардың адам ағзасына әсері:

  • тыныс алу органдары арқылы - бу, аэрозоль, газ түрінде

  • тері мен шырышты қабық арқылы - тамшы – сұйық күйде;

  • асқазан – ішек жолдары арқылы - тамшы – сұйық күйде ;

  • жара беті арқылы – аэрозоль, тамшы – сұйық күйде әсер етуі мүмкін.



Улану заттар жіктелуі келесі белгілермен анықталады.


Улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман,  типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;
Жүйке жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы
уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.
Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық жүйке жүйесіне зардабын тигізеді.
Иприт - теріні күйдіріп, іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фосген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу мүшелері арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.
Адам ағзасының улы заттарға қарсы күресінің жолдары.
Бірінші жол - удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол - улы заты уақытша бір мүшелерге бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол - уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмий) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін
Үшінші жол - ағзадан шығуы - бұл түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорыту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек - қарын жолымен ағзадан шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
Егер зақымдалған бөліктердің жалпы көлемі 20 см3 аз болса, адам өлімінің қаупі төнбейді.
Көзге зақым келген соң 30 минуттан соң дене қызып, тері қышиды, ауырады; 4-8 сағаттан соң көздің үсті ісіп, көз жасаурап, жарыққа қарай алмайды, конъюнктивиттік қызару пайда болады. Бұл құбылыс бір айға дейін созылады. Одан әрі кірпіктер бір-біріне жабысып, олар жабысқақ іріңмен жабысып қалады. Адамның көру қабілеті нашарлауы да мүмкін.
Зақымдалған азық-түлік немесе су арқылы организмге түскен соң 15-20 минуттан кейін асқазанда қатты аурулар туындайды. Бұл түкірік бөліну және құсумен ілеседі. Адамның қан аралас іші өтіп, қатты шөлдейді. Тері бозғылт тартып, адамның есінен тануы мүмкін. Организмнің жалпылай улануынан соң шамамен 2 тәуліктен соң адам өледі.
ҚӘУЗ - бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, нысандардағы қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өте және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
КӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі. сақтау мен тасымалдау, сонымен қатар соғыс уақытында жаудың химия (мұңайхимиясы) мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, нысандарын, қоймалар, куатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай - ақ осы салалар мен обьектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана кирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ыктимал.
Қасиеті бойынша КӘУЗ - тар үш топқа жіктеледі:

  • Өлтіретін уытты заттар;

  • Өлтіре қоймайтын уытты заттар;

  • Уытты заттар.Хлор

Хлорқатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр.
Кәдімгі қысымда – қатты, атмосфералық қысымда – сұйылады.
Ерекшелігі – хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинқталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді.
Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп, қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айырылады.
Аммиак – мүсәтірге тән қатты иісті, түссіз, ауадан жеңіл газ. Ауа кірген құрғақ аммиак қоспасының жарылуы мүмкін. Тыңайтқыш ретінде, тоңазытқыш машиналарының қажетті заты ретінде пайдаланылады. Аммиакты қысыммен сұйық күйінде тасиды, атмосфераға шыққанда түтінденеді, суаттарды зақымдайды.Организмге әсері. Көзге, тыныс органдарына, орталық нерв жүйесі мен тері қабаттарына қауіпті. Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады. Есту қабілеті күрт төмендейді, өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп, кейде көздің көрмей қалуы мүмкін.
Улану белгілері. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі.Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қызартады. Көз қарауытып, жас ағады.Сұйық аммиак өз ерітіндісімен теріде түйіскенде дененің күюі, үсуі мүмкін. Аммиактың өлімге душар ететін концентрациясы әсер ету кезінде 30 минутта мг/л тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет