|
Икемділік және бейімделушілікБайланысты: 1-күн ресурсы. Білім мазмұнын жаңарту алғышарттарыИкемділік және бейімделушілік
Өзгерістерге бейімделу
-
Алуан түрлі рөлдерге, жұмыс жауапкершілігіне, кестелер мен жағдайларға бейімделе білу
-
Түсініксіздік орын алып, басымдықтар өзгеріп жатқан ортада тиімді жұмыс істеу.
Икемді болу
-
Кері байланысты тиімді түрде ұсыну
-
Мақтау, сәтсіздік пен сынға жағымды қарау
-
Оңтайлы шешімге (әсіресе көп мәдениетті ортада) қол жеткізу үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді түсіну, ескеру және теңгеру
Бастама және өзін-өзі бағыттау
Мақсаттар мен уақытты басқару
-
Материалдық және материалдық емес табыс критерийлері бар мақсат қою
-
Тактикалық (қысқа мерзімді) және стратегиялық (ұзақ мерзімді) мақсаттардың арасында теңгерім сақтау
-
Уақытты тиімді қолдану және жұмыс көлемін тиімді басқару
Өз бетінше жұмыс істеу
Өзін-өзі бағыттайтын оқушы болу
-
Адам өзінің білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алуы үшін дағдыларды және/немесе оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмеу
-
Дағдыларын кәсіби деңгейге дейін жетілдіруге ұмтылатынын көрсету
-
Оқуды өмір бойы жүретін үздіксіз үдеріс ретінде қабылдайтынын көрсету
-
Келешектегі алға ілгерілеуді түсіндіру үшін өткен тәжірибе жөнінде сын тұрғысынан ойлану
Әлеуметтік жән мәдениетаралық дағдылар
Басқалармен тиімді түрде өзара әрекет ету
-
Қай жерде тыңдап, қай жерде сөйлеу керектігін білу
-
Өзін әдепті, кәсіби түрде ұстау
Кез келген топта тиімді түрде жұмыс істеу
-
Мәдени ерекшеліктерді құрметтеу және әртүрлі әлеуметтік және мәдени топ өкілдерімен тиімді түрде жұмыс істеу
-
Әртүрлі идеялар мен құндылықтарға ашық болу
-
Жаңа идеяларды жүзеге асырғанда әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескеру және жұмыс инновациясы мен сапасының екеуін де жетілдіру
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|