Ревматизмдік аурулар


Ревматизмнің миды зақымдайтын түрі



бет3/3
Дата07.06.2022
өлшемі95,45 Kb.
#146150
1   2   3
Байланысты:
Ревматизмдік аурулар
440631 (3), biocrossword

Ревматизмнің миды зақымдайтын түрі.

Ревматизмнің миды зақымдайтын түрі — жас балаларды хорея деген ауруға соқтырады. Бұл ауруға ұшыраған кісі би билегендей немесе селкілдеп (гиперкинезия) жүреді. Бұның себебі ревматизмде мидағы қан тамырлары қабынып (воскулит) гипоксия дамиды, нәтижеде нерв жасушаларында әртүрлі дистрофиялық, атрофиялық өзгерістер кездеседі. Осыған байланысты нерв жүйесіндегі қол-аяқ қимылын реттеп отыратын орталықтар бұзылады.

Гиперкинезияның пайда болуы мидың қыртыс асты түйіндерінде, гипоталамуста, сопақша мида нерв талшықтарында дамитын қайтымды морфологиялық өзгерістерге байланысты.

Ревматизмнің түйінді түрі.

Ревматизмнің түйінді түрі — тері астында, буын қабының айналасында, сіңірлерді бойлап, көлденең 0,5-2 см, ауырмайтын қатты түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Микроскоппен қарағанда оның ортасында фибриноидты некрозды, айналасында лимфоидты және макрофагты жасушаларды көреміз. Түйіндердің пайда болуы организмдегі аллергияның өте жоғары дамығандығынан хабар беріп, қолайсыз нәтижелерге соқтырады.

Басқа ағзалардағы өзгерістер.

Өкпеде ревматизмге тән қабыну (пневмония) дамиды. Бұл пневмония сірлі-фибринді немесе геморрагиялық түрде өтеді. Сонымен қатар өкпеде ааскулиттер дамиды, ал альвеола аралығында лимфоцит-гистиоцит элементтері жиналып қалады (интерстициалдық пневмония). Альвеоланың ішкі қабатында белокты мембраналар түзіліп альвеола эпителиі түзе бастайды (десквамация).

Бүйректе ошақты, кейде диффузды гломерулонефрит дамиды.

Теріде сақина тәрізді эритема, ақшыл қызыл айнала орналасқан бөртпелер көрінеді. Осы өзгерістердің морфологиялық негізінде тері қан тамырларының қабынуы жатады.

Қорытынды.

Дәнекер тіннің көптеген ауруларда бұзылатыны белгілі. Айта кететін жәйт, бұл ауруларда тек коллаген талшықтары ғана бұзылмай, дәнекер тіннің барлық элементтерінің зақымдануы, осы патологияның дамуында микроциркуляция арнасының иммундық жүйенің де тікелей қатысатыны анықталған.

Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ревматизмдік аурулардан адам бүтіндей айығып кетпейді, олардың көпшілігі үздіксіз, үдемелі түрде дамып, аурудың әрбір асқынуында склероз ошағындағы дәнекер тін қайта бұзылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ахметов Жауғашты Байназарұлы

Патологиялық анатомия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет