Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет40/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

барлық ауыл 
— жұрт, халық, сол ауылдың тұрғындары 
деген мағынаны білдірсе, 
жарты уыс
болса да жылы қабағыңды 
сездірсең етті 
немесе 
жарты ұрттам музыка
 
дегендер – «
біраз, аз да 
болса, азырақ» 
деген мағыналарда жұмсалып тұр. Тіпті бұл жердегі 
«жылы қабақ» деген тіркесті алғанның өзінде бұл тура 
мағынасында жұмсалмағанын, қабақтың жылы, я суық 
болмайтынын біз білеміз, ендеше бұл жердегі 
жылы 
сөзін де I 
тарауда айтылып кеткендей метафораның жетінші түрі, яғни 
кейбір зат (құбылыс), жағдай, әрекет қасиеттерінің атауы 
ұқсастыгына қарай ауысуы нәтижесінде алынған. Мәселен, 
тамыр 
сөзі жүйе мағынасында негізгі мағынада, ал 
тамыр - емшек 
(малдың) 
(тамыр 
тартқан тарылмас) 
ауыспалы мағынада
метафора жолымен жасалған синонимдер. Метафора тәсілі 
арқылы мағына тудырып соның негізінде синонимдік қатарлар 
жасалуы тілімізде бірталай. Мәселен,
Пана - тұрақ - жай - баспана - қора - ықтасын жер
Пана - қорғаныш - сая (бір түрге жататын заттар) 
Аласа - жатаған - кішкене - тырбық - мақар - бәкене - 
мәстек Аласа - тапал - тәпелтек - мықыр - қортық - бәкене - 
бақалтақ - ергежейлі 
Аласа - қысқа - молтақ дегендер форма ұқсастығы 
жағынан алынған. 


96 
Абиырсыз - абройсыз - беделсіз - кәдірсіз 
Абиырсыз - ұятсыз - көргенсіз - әдепсіз (мазмұн 
ұқсастығына қарай) 
Оралу - қайта келу - қайта көңіл бөлу - екінші рет соғу 
Оралу - шырмалу - матасу (қимыл-қозғалысы арқылы 
ұқсасу) 
Аудару - қопару - төңкеру 
Аудару - құлату - жұлып алу 
Аудару - күресу - астына түсіру 
Аудару - астын үстіне қарату - екінші жағына ауыстыру 
Аудару - төгіп алу - ақтара салу - сарқа құю – қотару 
Аудару
 
- басқа жаққа ауыстыру - көшіру мұндағы
мағыналар әрекеттің жай-күйі, қозғалысының ұқсастығына 
қарай пайда болған. 
Сұйылу – сұйқылдану - сұйық бола бастау 
Сұйылу - селдіреу - сиреу 
Сұйылу - тарай бастау - ыдырау 
Сұйылу - сапасы нашарлау - қожырау 
Белгілі бір заттардың сапа, қасиетерінің атаулары
ұқсастығына карай ауысып тұр. 
Тамыр - түп 
Тамыр - төркін - негіз - шыққан жер 
Тамыр - жүйе - қан жүретін жол дегендерді алсақ, бұ л 
үш мағына форма (тұлға) ұқсастығына қарай, тіпті бүл жердегі 
төркін мағынасы ол аттардың өздеріне тән ерекшеліктермен 
ұқсастырыла алынса, 
Тамыр - дос-жар 
Тамыр - ашына-жай - көңілдес дегендер өз қасиеттеріне 
қарай байланысты шықса керек. 
Тұсау - тұсамыс салу 
Тұсау - қол-аяғын матау - еркіне жібермеу 
дегендер орын жағынан әрі ұасиет-белгісі жағынан ұқсас 
мәндес 
сөздер. 
Бұл келтірілген 
мысалдардағы 
екінші 
мағыналарының бәрі де метафора әдісімен пайда болып
синонимдерді, синонимдік қатарларды сан жағынан көбейтуге 
негіз болып тұр. 
Лингвистикада көп мағыналықты жасауда метафорадан 
кем түспейтін тағы бір әдіс – метонимия тәсілі. Мысалы, 
бала, сәби, 
перзент
және 
бала, жас, жастық
дегендер тура мағынасында тұрып өзара 


97 
синонимдесетін болса, 
бала мінез
дегендегі 
бала
мүлдем басқа ауыспалы 
мағынада жұмсалып, 
жеңіл,
жеңілтек
сөздерімен синонимдік қатар түзеді. 
Метонимия тәсілімен де синонимдік қатар молайып отырады. Мәселен,
Алыстау – қашықтау - жырақтау
Алыстау - байланысты үзу - бойды аулақ салу - ұзау
Екінші синонимдік қатарда мінез жағынан шектестік 
байқалады. 
Елпілдеу - тез жүру - жылдам-жылдам басу - лыпылдау-
бүкең қағу 
Елпілдеу - елпек қағу - қауқалақтау - елпектеу - елпілдеу 
Елпілдеу - жаны қалмау - құрақ ұшу - бәйек болу – 
құрдай жорғалау 
Елпілдеу - ұшып қону - қолды аяққа тұрмау - қалбалақтау 
- ұшқалақтау 
Елпілдеу - желігу - желпіну - еріну
дегендердегі мағыналардың кимыл-қозғалыстың бірінен кейін 
бірі іле-шала орындалуымен байланысты туғандығын көреміз.
Ақыл - сана сезім - ойлау қабілеті
Ақыл - ес - парасат - білім
Ақыл - пікір - пайдалы кеңес - өсиет 
Ақыл – дұрыс шешім - қиындықтан шығудың жолы - амалы 
- айласы. 
Бұнда бір зат, я құбылыс атаулары екінші бір затқа орны, 
мекені (оның ішінде орналасуы) жағынан байланысқан затқа 
ауысу негізінде пайда болған.
Айнала - маңай - төңірек – жан-жақ 
Айнала - барлығы - бас аяғы
Айнала - жиек - ернеу - кенере - шет 
Әлем - барлық халық - әлеумет 
Әлем - түрлі құбылыстар - салалық бөліністер 
Әлем - жер жүзі - дүние - жиһан
деген синонимдік қатарларды алсақ, мұндағы мағыналар зат 
(немесе құбылыстардың) кеңістікте қатар шектес болып орналасуы 
негізінде жасалған. 
Қарау - быт-шыты шығу - сыну - қаусау - күл паршасы шығу 
Қирау - күл талқан болу - бұзылу - бүліну - талқандалу 
Қирау - қырылу - өлу 
Қирау - құру - жойылу - күйреу. 
Міне осы сияқты зат, құбылыс, процестердің кеңістікте қатар, 


98 
шектес болып орналасуы жағынан, я уақытқа байланысты атауды 
ауыстыру немесе бір заттың екінші бір заттың ішінде орналасуы 
(орны мекені жағынан байланысы) не болмаса зат өзінен жасалған 
бірнеше заттарға да таралуы мүмкін болатын жағдайлар қазақ 
тілінде көптеп кездеседі. Соған орай, синонимдік қатардың да сан 
жағынан көбейгендігін көрсететін мысалдарды көптеп келтіре 
беруге болатын еді. Бірақ ол жұмыс көлемін тым көбейтіп 
жіберетіндіктен, біз олардың әрқайсысына тоқталмай-ақ еңбектің 
соңында сөздік ретінде беруді жөн көрдік. Және оларды екі 
синонимдік қатар, үш, төрт, бес... он синонимдік қатар түзуші көп 
мағыналы сөздер деп көрсетіп отырдық. 
Сөздердің ауыс мағынада келуінің үшінші түрі – синекдоха, 
контексте жалпы ұғымның бөлшекпен берілуі негіз болады. Мәселен, 
жаңылмас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет