43
біреулері қандай да бір мағыналар арқылы байланысады. Сондай-
ақ екінші мағынаның негізгі мағынамен тікелей байланысы бір
жақты емес. Олар негізгі мағынамен қандай компоненттер арқылы
байланысты (категориялды-лексикалық, дифференционалды немесе
потенционалды) соған орай ажыратылады. Көп мағыналы сөздің
ішкі сөздік парадигмасының құрылымын сипаттауды кей
ғалымдар үш кезеңге бөледі: а)
парадигманы сан жағынан
сипаттау; ә) негізгі мағынамен тікелей байланысты мағынаны
сипаттау; б) негізгі мағынамен жанама байланысқан мағынаны
сипаттау. Мұндай талдау жасау барысында сөздің неше мағынасы
бар және мазмұны түсіндірілген түсіндірме сөздікке сүйену керек.
Үлгі
ретінде
жосы
сөзіне осындай талдау жасап көрейік:
жосы
көп мағыналы сөз. а) Бұл сөздің ішкі сөздік семантикалық
парадигмасы алты мағына, яғни алты
семантикалық варианттан
тұрады. Атап көрсетсек: 1) қан, су, көз жасы сияқты сұйық
заттардың тез ағуы, сорғалай жөнелуі. Мысалы:
Тоқал жердегі
тпемірмен Нұрышты нақ бастан ұрды. Қан
жосып
кетті, Нұрыш
қалпақтай түсті
(Б.Майлин, Шығ.). 2) қашу, босу, зыту, безу.
Мәселен,
Елде үрей жоқ. Бір үйден бір үйге кіріп
жосып
жүр.
Бәрінің аузында: «Кім айтты, кімнің аузынан естідің»...
(Б.Тоғысбаев, Асыл адам).
Еліміз мұнан үркіп, кеткен жосып,
Сіздерге кез келтірді құдай қосып. Кеше түсте атып ем бір
аққуды, Отырмын осы жерде соны тосып
(Батырлар жыры).
3) шұбау, шұбыру, сабылу.
Сарын жақындаған сайын
жылқының дүбірі айқындала түсті. – О, ғажайып, желге қарсы
жосыған
бұл не жылқы
(Ә.Әбішев, Найзағай). 4) жорту, жүйтку,
жөңку.
Астымдағы өрістен ұстап мінген колхоздың бәйгі
қарагері. Ауық-ауық пысқырынып койып
Достарыңызбен бөлісу: