92
бір орталығы, яғни бас қаласы болу керектігін ескерсек:
орталық -
бас қала - астана
дегендер алдыңдағылармен ұқсастырыла
отырып, өзара синонимдік қатар түзеді. Ал енді бұдан: астана үнемі
мемлекеттің басқа жерлеріне негіз болуын ескеріп:
негіз - тірек -
күш
дегендер ішінара синонимдес келеді.
Ызғар
сөзінің шығу төркінін әр ғалым әр түрлі түсіндіруге
тырысқан,
біреулері оны
ыс
(ылғал) сөзімен гомогенді деп,
ысқылаған уақытта белгілі бір затты сулап,
ылғалды қылу
мағынасы мен байланыстырса (В.В.Радлов, 139), енді біреулері
(Л.Будагов) оны дыбысқа еліктеуден «ззз» немесе «жжж» шықты
дейді. Сайып кегенде,
ылғалды
, кейін келе
суық
мағынасы шыққан.
Қазақ тілінде осы
ызғар - суық
сөздеріне
үскірік - өт
дегендер
синоним болады. Суықтың адам
бетін шыдатпай ығыстыруына
байланысты, сонымен ұқсастыру барысында (метафора тәсілімен)
екінші мағына туса керек. Бұл, әрине, ауыспалы мағына:
суық рай.
Енді бұл сөзбен де синонимдік қатынасқа түсетін қазақ тілінде
мына сияқты сөздер кездеседі:
ызғар - суық рай - ашу - кәр - қаһар
.
Синонимдік қатынасқа түсетін сөздердің өздерін де жеке-жеке талдай түсуге
болады. Мәселен,
суық
сөзімен синонимдесетін
үскірік
сөзі ауызекі сөйлеу
тіліне жатса,
өт
диалект сөзге жатады. Ал
суық рай
тіркесіне синоним
болатын
ашу
ауызекі тілде де кездесе береді,
бірақ
кәр, қаһар
дегендер
болса, тек қана публицистикалық стилге жатады.
Орна
сөзі
орын – орун
сөзінен жасалған туынды сөз.
Орын
сөзінің өзі
орда
сөзінен шықса керек. Оны мынадан аңғаруымызға
болады: слова «орун» генетический связан со словами «орду»,
«орда», с которым у него закономерно имеются и общие значения:
местожительство (тұрағы, тұратын жері); местонахождение (тұрған
жері, орны); место пребывание (мекені, келген жері). Осыдан келіп,
енді етістік тудырушы -а/-е қосымшасы арқылы,
Достарыңызбен бөлісу: