Тұқым қолайлы сыртқы жағдайлар болганымен өнбеуі мүмкін. Өйткені әрбір өсімдік түқымында эволюциялық қалыптасқан өзінің белгілі бір толастық кезеңі болады. Мұның себебі әртүрлі.
Кейбір түқымдарда, шын мәнінде ұрығы әлі жетілмеген болады. Оның ұрыгы мұндай жагдайда эндосперм арқылы біршама ұзақ жетіліп, түқым қабыгынан шығатындай деңгейге жетеді. Бұған мысал ретінде женьшень ұрыгын келтіруге болады, өйткені оның түқымы тек үшінші жылда ғана өне алады.
Басқа мысал ретінде - магнолия, күйдіргі саргалдақ, балдырган түқымдарының біртіндеп жетілуін келтіруге болады.
Тұқым өнуінің кідіруі тек жетілмеген үрыққа ғана емес, олардың қатты түқым қабығының суды өткізбеуіне де байланысты. Мысалы, сүйекті жемістер – өрік, шабдалы (Persica) және бұршақ түқымдастардың кейбір түрлері.