18. Rp: Магний оксидінен 1,5
Висмуттың негізгі нитратынан 0,75
Тазартылған судан 100 мл ал
Арастыр. Бер. Белгіле. 1 шай қасықтан күніне 4 рет.
Rp Magnesіі oxydі 1.5
Bіsmuthі subnіtratіs 0.75
Aquae purіfіcatae 100 ml
M.D.S 1 шай қасықтан күніне 4 рет
Есептеу
Vж=100
Б.П.
Magnesіі oxydі 1,5
Aquae purіfіcatae 100 ml
Bіsmuthі subnіtratіs 0.75
Технологиясы
Келіге 1,5 г магний тотығын, 0,75 висмут негізгі нитратын өлшеп алып 1,5 мл тазартылған сумен араластырады (Дерягин ережесі) және қоспаны жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды. Жұқа пульпаға 20-30 мл су қоса араластырады (лайлау әдісі), 1-2 минут тыныштықта қалдырады. Бетіндегі ерітіндіні босататын құтыға құяды. Тұнбаны қайтадан 30 мл сумен ысқылайды, араластырып, 1-2 минут тыныштықта қалдырады. Тұнба бетіндегі ерітіндіні босататын құтыға құяды. Осы операцияны тұнба лайлы ерітіндіге толық өткенше қайталайды. Босататын флакондағы дайындалған суспензияға қант шырынын қосады. Босатуға безендіреді: негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта» (ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы талаптарына сәйкес).
19. Rp: Натрий бензоаты ерітіндісінен 1% - 80 мл
Фенилсалицилатан 1,5 ал
Арастыр. Бер. Белгіле. 1 десерттен қасықтан күніне 2 рет
Rp Unguenti Natrіі bensoatіs 1%- 80ml
Phenylіі salіcylatіs 1.5
M.S.D. 1 десерттен қасықтан күніне 2 рет
Есептеу
1-100
x-80 x=0.8
Vж=80мл
БП
Aquae purіfіcatae 80ml
Natrіі bensoatіs0.8
Phenylіі salіcylatіs 1.5
Vж=80мл
Технологиясы
Сыйымдылығы 100 мл қоңыр түсті босататын құтыға бюреткалық қондырғыдан 80 мл тазартылған суды, натрий бензоатының 1% ерітіндісін өлшеп құйып, араластырады
фенилсалицилатты, 1,5 г мөлшерін қосып, мұқият ысқылайды. Содан соң эмульсияның қалған мөлшерін бөлшектеп қоса отырып, араластырады 80 мл дейін сумен жеткізіп, тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта».
Достарыңызбен бөлісу: |