РНК-да ДНК тәрізді нуклеотидтерден тұратын күрделі зат. ДНК –ға қарағанда РНК бір тізбекті болып келеді. РНК –ның иілгіш тармақталған жібі тізбектегі сутектік байланыстар арқылы бір – бірімен әрекеттесіп, бұралып, молекула ішінде екі оралымды учаске құрады. Бұл құрылым “жоңышқа жапырақтары” немесе “беде жапырақтары” деп аталады. Нуклеотидтері де төрт А,Г,Ц,У түрлі болады. Бірақ азоттық негіздеріндегі айырмашылығы : тиминнің орнына урацил орналасады. РНК – ның тағы бір ерекшелігі : олардың құрамында көмірсутек / қант/ рибоза болады. Рибонуклеин қышқыл ядрода, көбінесе протоплазмада кездеседі.Тірі клеткаларда РНК –ның бірнеше түрлері бар хабарлаушы информациялық и – РНК , тасымалдаушы /транспорттық/,т – РНК/ және рибосомалық р – РНК.Бұлар бір –бірінен құрамы, молекулалық массасы және атқаратын қызметі жағынан әр түрлі. Бұл РНК – ның әрқайсысы белоктар биосинтезінде ерекше роль атқарады.РНК –ның молекуласының біріншілей құрылымы дегеніміз ондағы нуклеотид қалдықтарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуын айтады.
РНК –ның екіншілейқұрылымы – оның полинуклеотидтік тізбегінің орамдалған түрі.
РНК- ның үшіншілей құрылымы сыртқы орта жағдайына /тұздар концентрациясы, температура / байланысты бір тізбектің кеңістікте ретсіз немесе доп- домалақ болып, не тығыз таяқша тәрізді түрінде орналасуын айтады.
Үш азотты негіз – аденин, гуанин, цитозин нуклеин қышқылдарының бәріне ортақ болып келеді. ДНК –ның құрамына тимин, ал РНК –ның құрамына урацил кіреді.
ДНК – ның құрамында дезоксирибоза, ал РНК –да рибоза болады. Нуклеин қышқылдары құрамындағы пентозаның атына сәйкес дезоксирибонуклеин /ДНК/ және рибонуклеин /РНК/ болып аталады.