Диагноз қойыңыз?
Әйел қанының титр-антиденесін анықтау жиілігі қандай?
Перзентханада жүктіліктің қай мезгілінде, неше рет ем алуға жатқызу керек?
Жүктіліктің қай мезгілінде әйелді босандыру керек?
Жауабы: 1) жүктіліктің 15-16 аптасы. Резус факторы теріс А.А.А. 2) жүктіліктің 30 аптасына дейін айына 1 рет 30-дан кейін айына 2 рет; 3) жүктіліктің 10-12 аптасында 24-25, 32-33 аптасында 3 рет. 4) 37-38 аптасында.
Септикалық аурулар
Есеп №1
Босанған әйелдің үшінші тәуліктен соң дене қызуы 37,3º көтерілді. Шағымы: аралық пен қынап аймағының ауру сезімі. Босану кезінде аралықтың 2-ші дәрежелі жыртылуына тігіс салынған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тамыр соғысы минутына 80 рет. Емшек бездері өзгермеген. Жатыр деңгейі кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен, жатыр тығыз, ауырмайды. Жыныс жолданынан қан аралас сұйықтық ағады. Аралыққа салынған тігіс беті іріңдеп, айналасындағы ұлпасы қызарып, ісінген.
Достарыңызбен бөлісу: |