ҚҰрылымы пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК)


төменгі (сыртқы) қабат бұтаралығының сіңірлі орталығында айқасып орналасқан бұлшықеттер



бет19/195
Дата10.06.2020
өлшемі451,13 Kb.
#72835
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195
Байланысты:
ҚҰРЫЛЫМЫ умкд

төменгі (сыртқы) қабат бұтаралығының сіңірлі орталығында айқасып орналасқан бұлшықеттер: а) шонданай қуыс бұлшық еті- шонданай бұдыршағынан басталып, шүртіге бекиді: б) бұтаралық сыртқы көлденең бұлшық еті- шонданай сүйегінің төменгі бұтағынан басталып, орталық сіңірге жалғасады: в) тік ішектің сыртқы сфинктері -құйымшақтан басталып, тік ішекті айналып, орталық сіңірге бекінеді, шығаберіс ернеуінің жабылуын қамтамасыз етеді.

ортаңғы жалпақ етті шандырлы қабат- зәр жыныс диафрагмасы, жамбас қуысы шығаберісінің алдыңғы бөлігін алып жатады.

жоғарғы (ішкі) қабат- тік ішекті көтеретін жамбас диафрагмасы ішкі шеңбер бұлшықеттері: жамбас түбі ішкі жыныс мүшелеріне тірек ,жамбас түбі құрсақ қуысына тірек, босану кезінде босану жолдарын құрайды.

Қан айналым: Жалпы мықын артериясы (сегізкөз мықын аймағында екіге бөлінеді): сыртқы мықын артериясы, ішкі мықын артериясы.

а)жатыр артериясы (жатыр түтікшелеріне және аналық бездерге бағытталады)

б)аналық без артериясы (аналық без бен жатыр түтікшелеріне бұтақтарын береді, жатыр артенриясының аналық без бұтағымен анастомоз жасау арқылы аналық безді, жатыр артериясының түтіктік бұтақтарымен анастомоз құру арқылы түтіктерді қоректендіреді)

в)қынап артериясы (қынаптың жоғарғы бөлігін қоректендіреді)



Жыныс безі артериясы: ішкі жыныс безі артериясы (қынаптың төменгі бөлігін, сыртқы жыныс мүшелерін қамтиды); тік ішек ортаңғы артерия (қынаптың төменгі бөлігін қамтиды); қуық артериясы (қынаптың ортаңғы бөлігін қамтиды); жапқыш артериясы (сыртқы жыныс мүшелерін қамтиды); сыртқы жыныс безі артериясы (сыртқы жыныс мүшелерін қамтиды); сыртқы ұрық артериясы (сыртқы жыныс мүшелерін қамтиды)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет