Иннервация
симпатикалық нерв жүйесі бойынша
- аортальды түйіндіден
- шумақты түйіндіден
парасимпатикалық нерв жүйесі бойынша
- сегізкөз түйіндіден (жамбас нервісі)
- жатыр түйіндіден
Жамбас қуысы (екіге бөлінеді, шекаралары екі жағынан мықын сүйек сызықтары, алдынан қасағаның қыры, артынан сегізкөз мүйісі) ; үлкен жамбас, кіші жамбас
Әйел жамбасы
- жамбас сүйегі а/мықын б/шат в/шонданай
- сегізкөз
- құйымшақ
мықын сүйегі
1/денесі
2/қанаты (жоғарғы жақ жиегі мықын қыры)
- өсінділері
а/алдыңғы жоғарғы
б/алдыңғы төменгі
в/артқы жоғарғы
г/артқы төменгі
шонданай сүйегі
1/ денесі (ұршық ойысының төменгі жағын жасауға қатысады)
2/ екі бұтағы
жоғарғы бұтағы денеден төмен түсіп, шонданай бұдырын құрайды
төменгі бұтағының артқы бетінде дөңес шонданай өскіні бар
төменгі бұтақ көтеріліп, шат сүйегінің төменгі бұтағымен қосылады
жоғарғы және төменгі бұтағы шат сүйегінің бұтақтарымен қосылып, жамбас тесігін құрайды
шат сүйегі
жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап, алдыңғы бетінде қасағалық дөңеске жалғасады
төменгі бұталары қосылып, шат сүйегінің бұрыштамасын жасайды)
сегізкөз сүйегі (өзара біріккен бес омыртқадан тұрады)
- бірінші омыртқасы бесінші бел омыртқамен, бесінші омыртқасы құймышаққа жалғасып, буын құрайды
бел омыртқаман жалғасқан жері негізі болады
ортаңғы жерінде сегізкөз мүйісі бар
омыртқалардың жалғанған жерінде көлденең сызықтар, бойында сегіз тесік бар
екі жағынан мықын сүйектерімен байланысып, буындар құрайды
құйымшақ (4-5 омыртқаның бірігуінен болған)
Жазықтықтар
кіреберіс жазықтық (алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан сегізкөз мүйісімен шектелген)
1/ тік өлшемі – 11см
2/ көлденең өлшемі – 13-13,5см
3/ оң және сол қиғаш өлшемдері – 12-12,5см
кең бөлігінің жазықтығы (алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан 2-3 сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектелген)
1/ тік өлшемі – 12,5см
2/ көлденең өлшемі – 12,5см
тар бөлігінің жазықтығы (алдынан симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен шонданай сүйектерінің қырларымен, артынан сегізкөз құйымшақ буындасымен шектелген)
1/ тік өлшемі – 11-11,5см
2/ көлденең өлшемі – 10,5см
шығаберіс жазықтық ( алдынан симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен шонданай төмпешіктерімен, артынан құйымшақ ұшымен шектелген)
1/ тік өлшемі – 9,5см (босануда құйымшақ артқа жылжып, 1,5-2см артады)
2/ көлденең өлшемі – 11см
Кіреберіс жазақтығының, кең бөлігі, тар бөлігі, шығаберіс жазықтықтарының тік өлшемдерінің ортасын қосатын сызық жамбастың өткізгіш осі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |